Шоу бизнес

Соққыға жығылған «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі мәлімдеме жасады

Танымал «Нұр-Мұқасан» тобының мүшелері халыққа жаңа әнін тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы, деп жазады qandastar.kz. 

Топтың Instagram-дағы ресми парақшасында «Сен жоқ жерде» атты жаңа әнге түсірілген видео жарияланды. Туындының әуенін Арман Дүйсенов жазса, мәтінінің авторы – Ринат Зайыт.

«Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған «Сен жоқ жерде» әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан», – деп жазылған жазбада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button