Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда 70 жастағы әже несиесін жаба алмағаны үшін өзін өртеп жібермек болды

Оқыс оқиға 26 қараша күні Петропавл қаласындағы банк бөлімшелерінің бірінде болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Зейнеткер филиалға келіп, ай сайынғы несие төлемдерін азайтуды сұраған.

Ол банк белгілеген соманы төлей алмайтынын айтып, несие бойынша берешегі жиналғанын алға тартқан.

Тіпті банк қызметкерлері келісімге келмесе, үстіне бензин құйып, «өзін өртеп жіберемін» деп қорқытқан.

Банктің қауіпсіздік қызметі тез арада әрекет етті.

Егде жастағы әйелден сұйықтық құйылған 0,5 мл пластикалық бөтелке тәркіленді.

Оның ішінде бензин бары анықталды. Оқиға орнына полиция шақырылды.

«Ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеріс жүріп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша әйелдің әрекеттеріне заңды баға беріледі», — деді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button