Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда әйел танысын пультпен ұрып өлтірді

Солтүстік Қазақстанда танысын пультпен ұрып өлтірді деген күдікпен 58 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.

Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Оқиға 7 ақпанда қаланың жеке үйлерінің бірінде болған.

Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button