Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда бағаны рубльмен көрсеткен супермаркет басшысы жазаланды

Петропавл тұрғыны Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта – теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген.

Түскен өтініш негізінде департамент мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Оның барысында заң бұзушылық фактісі расталып, баға белгілерінде шетел валютасы көрсетілгені анықталды.

«Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы, себебі тауарлар мен қызметтердің бағасы тек теңгемен көрсетілуі тиіс», — делінген Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдемесінде.

Супермаркет иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ департамент анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, сауда орнының басшылығына баға белгілерін заң талаптарына сәйкестендіруді міндеттеді.

Мұндай жағдайлар тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын да бұзады.

Солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әрбір азамат тауардың құны туралы дұрыс әрі ашық ақпарат алуға құқылы екенін еске салады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button