Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда кәріз сорғы станциясында екі жұмысшы көз жұмды

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылында орын алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция мәліметінше, кәріз сорғы станциясында жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза болды.

1978 жылы туған электрик пен 1976 жылы туған механик газдан уланып қалды.

Полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button