Құтқарушылар тағы бір баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешкі уақытта Мағжан Жұмабаев ауданы Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде болған.
101 пультіне өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, қирағаны анықталды.
Әйелдің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және екі кәмелетке толмаған бала болған.
«Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасуда», — делінген мәлімдемеде.
Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.


