Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Соңғы үш жылда малға екпе салынғаны жайлы 30 мың жалған құжат жасалған

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы заң бұзушылықтарға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президенттің айтуынша, шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек.

«Қазір бұл жүйенің күмәнді, көлеңкелі тұстары көп.

Үкімет жыл соңына дейін ақпараттық жүйелерді кіріктіру жұмысын аяқтауға тиіс. Бұл қадам субсидиялау үдерісін цифрландырып, шаруалардың міндеттемелерін бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ветеринарлық қауіпсіздік жүйесі сапалы болуға тиіс. Ашығын айтқанда, Қазақстанда бұл сала кенжелеп тұр. Еліміздегі 168 зертхананың жиырма жетісі ғана халықаралық стандартқа сай келеді. Мал дәрігерлерінің жұмысы толық бақылауға алынбаған. Соңғы үш жылда малға екпе салдық деп 30 мың жалған құжат жасалды.

Бұл саланы біржола тәртіпке келтіру қажет. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын үш айдың ішінде қабылдауға тиіс», — деді Тоқаев.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button