Шоу бизнес

«Сонша секіргені несі»: Мақпал Жүнісова сахнада түсініксіз билеп, сынға қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Жүнісованың сахнада ырғақты би билеп, екі аяғымен секірген сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желілерде кең тарады, деп жазады qandastar.kz.

Көрініс көпшіліктің назарын бірден аударып, түрлі пікір тудырды.

Видео астындағы пікірлер екіге бөлінді:

Бір тарап әншіні  сынап;

«Сонша секіргені несі», «фонограмма ғой, ондай секіруден кейін демігіп қалар еді», «біреудің ордасын бұзған адамнан не күтесіңдер» деген сыни пікірлер қалдырған.

Ал екінші тарап, керісінше, әншіні қолдап, жылы лебіздерін жазуда:

«Таза қазақтың ерке қызы, не істесе де жарасады, біртуар әнші»,

«Мақпал апай, жүз жасаңыз!», — деп қолпаштады.

Кейбір желі қолданушылары тіпті «Джей Ло рядом не стоит» деп әзілдеп, әншінің сергектігі мен сахналық энергиясына таңданысын жасырмады.

Желіде қызу талқыланған бұл видео Мақпал Жүнісованың өнердегі шынайы харизмасын тағы бір мәрте көрсетті.

@vanhun_1

♬ оригинальный звук — Karla.aueshan

Ұқсас Мақалалар

Back to top button