Жаңалықтар

SOS: Қазақстанда тұтас бір қаланың жарығы заңсыз майнингке кеткен

Фото: lsm.kz

Қазақстанда бірқатар өңірлерде заңсыз майнинг фермалары анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz LS Агенттікке сілтеме жасап.

Агенттіктің дерегінше, 2024 жылдың басынан бері жалпы сомасы 1,3 млрд теңге болатын 17 қылмыстық іс тіркелген.

Заңсыз майнинг нысандарының басым бөлігі:

  • Астанада – 6 ферма,
  • Шымкент пен Қостанайда – 3 ферма,
  • қалғаны өзге өңірлерде анықталған.

Тексеру барысында $642 мың көлеміндегі цифрлық активтерге арест қойылып, кейін тәркіленді.

Сонымен қатар, 5 ферма электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген. Олардың тұтынған қуаты тұтас бір ірі қаланың қажеттілігіне тең болған. Майнинг нысандарының жұмысы тұрғындарға да қолайсыздық туғызып, қатты шу мен электр тапшылығына себеп болған.

Агенттік заңсыз электр тұтыну экономиканың нақты секторына – бизнеске, өнеркәсіп пен әлеуметтік нысандарға зиян келтіретінін атап өтті.

Ал Комитет мәліметінше, соңғы үш жылда легалды майнинг ел бюджетіне 17 млрд теңгеден астам қаражат әкелген.

 

 

Back to top button