Қаржы және төлемдер

Сот депутатты ақтады: Букмекерлер Берденовке 300 мың төлейтін болды

Фото:

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты «Қазақстан букмекерлік кеңселер қауымдастығының» талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, деп жазады qandastar.kz

«Сот даулы материалдарда бірлестіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ деген қорытындыға келді. Сонымен қатар талап арызда бірлестік пен оның мүшелеріне қатысты нақты фактілер көрсетілмеген. Филологиялық-психологиялық сараптама теріс ақпарат болмағанын растады» делінген мәліметте.

Сот шешіміне сәйкес, енді букмекерлер Берденовке адвокат қызметі үшін 300 мың теңге төлеуі тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденовты сотқа берді.

Бұған дейін аталған депутат Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салу мәселесін көтеріп, бұл бастама Ойын бизнесі туралы заң ішіне енді.

«Жауапкер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Respublica» саяси партиясы фракциясының мүшесі) бола тұра, ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратуға бірнеше рет жол берді. Ол таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды», — делінген еді букмекерлік кеңселердің Берденовке қарсы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына берген талап арызында.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close