Білім
Сот шешімімен мектепте орамал тағуға тыйым салынды
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелері ісін қарады. Сотқа талап қойған оқушының әкесі ішкі ережелермен келіспейтінін мәлімдеген. Ол министрдің бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбаған деп есептейтінін айтқан. Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп қарастырды, деп жазды qandastar.kz
«Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді», – деген қорытындыға келді.
Заң органы оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюі дұрыс тұжырым деп таныды.
«Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық сот.