Жаңалықтар
Стамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың пилоты әуеде көз жұмды
Фото: pixabay.com
Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.
Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.