Қаржы және төлемдер
Статистика бюросы Қазақстандағы орташа жалақыны жария етті
Фото: ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросы елдегі «қызметкерлердің саны және жалақысы» туралы мәліметтерді жария етті, деп жазады qandastar.kz
2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңгені құрады.
Бюро таратқан мәліметте өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеген, нақты жалақы индексі 95,3% құраған.