ЖаңалықтарҚаржы және төлемдерСараптама

Статистика: Қай өңірде жемқорлар көп?

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 748 адам коррупциялық қылмыс жасағаны анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға аз, деп жазады qandastar.kz

2024 жылдың осы кезеңінде 756 адам анықталған, яғни бір жылда көрсеткіш 4,4%-ға өскен. Өңірлер бойынша ең көп коррупциялық қылмыстар Шымкентте тіркеліп, 120 адам анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,6%-ға артық.

Сондай-ақ Алматыда – 97 адам, Астанада – 84 адам, Костанай облысында – 48 адам, Ақтөбе, Алматы және Түркістан облыстарының әрқайсысында 38 адам коррупциялық қылмыс жасаған.

Ең аз қылмыс тіркелген өңірлер — Ұлытау облысы (9 адам), Абай облысы (12 адам) және Қызылорда облысы (13 адам).

Қылмыс түрлері бойынша әрбір үшінші адам (32%) пара алу немесе беру кезінде ұсталған: 239 адам пара алған, 239 адам пара берген. Пара алу бойынша көрсеткіш 24,6%-ға төмендеген, ал пара беру бойынша 3,2%-ға азайған.

Сонымен қатар жемқорлар арасында жиі кездесетін қылмыстарға алаяқтық (131 адам, +54,1%), бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету (44 адам, -12%), лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану (41 адам, +95,2%) жатады. Сотқа берілген 567 адамның ішінде ең көп Ішкі істер органдарының қызметкерлері тіркелген. Сондай-ақ ведомстволар арасында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ ТЖМ  қызметкерлері де бар. Ал Антикордың өз қызметкерлерінен сотқа тек 1 адам берілген, бұл өткен жылғы 7 адаммен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Ұлттық статистика бюросының жүргізген сауалнамасына сәйкес, халықтың 43,4%-ы Антикоррға толық сенсе, 32,6%-ы жартылай сенеді,  5,5%-ы сенбейді, ал 12,8%-ы жауап бере алмай қиналған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button