Жаңалықтар
Студент айына 150 мың табудың құпиясымен бөлісті
Кәусар Азаматқызы – Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті. Болашақ математика пәнінің мұғалімі қазірден бастап алған білімін практикамен ұштастырып жүр. Ол «Адырна» тілшісіне берген сұқбатында репетитор болып жұмыс істеп, нәпақа табатынын атап өтті.
«Шыны керек, оқушыларға жаңа дүние үйреткеннен ләззат аламын. Қазіргі таңда онлайн репетитор болып істеп жүрмін. Бұл идея карантин кезінде келді. Пандемия біраз оқушының білім деңгейінің түсуіне әсер еткені бармашызға аян. Дәл сол шақта қосымша сабақ жүргізетін мұғалімдерге деген сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздім. Осылайша бұл істі қолға алдым»,– дейді ол.
Студент репетиторлық қызметінің арқасында айына 150 000 табыс табады екен.
«Репетитор болып, жақсы табыс табу үшін, ең алдымен, білім, интернет және жақсы құрылғы керек. Жақында HUAWEI MatePad 11 планшетін сатып алдым. Ол жұмысымның ілгерлеуіне өз септігін тигізді. Дәл осы техника ноутбукті алмастыра алатынына көз жеткіздім. Өзіммен бірге кез келген жерде алып жүріп, сабағымды қашықтан өткізе беремін. Айта кетерлігі, планшет төрт микрофонмен жабдықталған. Яғни, тіпті шулы бөлмелерде емін-еркін сөйлесе беруге болады. Бұрын ұялы телефоныммен Zoom бағдарламасына кіріп, сабақ өткізгенімде, қуатым тез отырып қалатын еді. Ал «Huawei » компаниясы жасаған құралды ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады. Ол сегіз ядролы процессормен жабдықталған. M-Pencil-дің көмегі арқылы түрлі формула мен ережені экранға жазып, оқушыларыма көрсетемін. Одан бөлек, планшет магниттік пернетақта мен компьютерлік тышқанды қолдайды»,– деді Кәусар.