Жаңалықтар

Студентке қысым жасаған бұзақылар ұсталды

Фото: БҚО ПД

Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті тонады деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сенсек,

күдікті студентті қорқытып, мобильдік қосымша арқылы ақша аудартқан.

— Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан бұрын да басқа құқық бұзушылықтармен жауапқа тартылғаны белгілі болды, — деп хабарлады ведомстводан.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close