БілімЖаңалықтар
“Студенттер ғана емес, қала жастары да бар“ – ҚазҰУ жаппай төбелеске қатысты түсінік берді
Фото: әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі
Қазақ ұлттық университеті оқу орнының маңында болған жаппай төбелеске қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Университеттің баспасөз қызметі төбелес 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 02:52-де Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады. Жанжал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелген.
«Жанжалға қатысушылардың арасында тек ҚазҰУ студенттері емес, сонымен қатар қала жастары да болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады оқу орны.
Еске салайық, мұның алдында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаппай төбелес болғаны туралы хабар тараған еді.