Білім
Студенттер наразы: Қазақ ұлттық университеті қазақтілді оқытушы таппай отыр

Фото: tengrinews.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті шу орын алды. Студенттер Қазақстанда жүріп, қазақ тілінде білім ала алмағанына наразы, — деп хабарлайды qandastar.kz qumash телеграм арнасына сілтеме жасап.
ҚазҰУ механика-математика факультетінің қазақ бөлімінде оқитын 3-курс студенттеріне орыс тілінде сабақ беріледі. Студенттер Теория меры и Интеграл Лебега пәні қиынға соғып отырғанын айтып отыр. Олардың сөзінше, жазғы сессияны еңсереміз деп есеңгіреп кеткен.
Себебі, деканат қазақтілді оқытушы тауып бере алмаған. Бұған қоса «қара тізімде сияқтымыз, бағалау жүйесіне көңіліміз толмайды» дейді студенттер. Мысалы, силлабус бойынша максималды балл 100 болса, оларға 60-70-тің айналасын ұсынып, одан жоғары балл алу мүмкін еместігін кесіп айтқан. Соның әсерінен GPA төмендей береді, ал 4-ші курсқа өту үшін шекті балл жетіспей қалатыны тағы бар.
«Грантта оқимыз, бір курсты қайта оқуымыз үшін қаржы қолбайлау. Бұл дүниелерді білім іздеп келген студентті қанау деп түсінеміз», — делінген студенттердің шағымында.