Білім

Студенттерге жалған баға қойған ұстаздар мен экс-ректор ұсталды

Қырғызстанда жоғары оқу орнындағы былық әшкереленді, деп хабарлады qandastar.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «Евразия университеті» коммерциялық емес білім беру мекемесінің бірнеше мұғалімі мен бұрынғы ректоры студенттердің сабаққа қатыспағанын біле тұра, оларға баға қойып келген.

Жалған құжат жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде 19 оқытушы тексеріліп, олардың үшеуі қамалған. Сондай-ақ оқу орнының экс-ректоры да ұсталып, бір айға қамауға алынған.

Айта кетейік, заңсыздық Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлықпен күресті күшейту үшін жоғары білім жүйесін тексеру барысында анықталған.

Back to top button