Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызы күйеуі қай жерде дүние салғанын көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы журналист Руслан Өтепбайға сілтеме жасап.
Бұған дейін әнші Индира Елемес телевизиялық бағдарламаның бірінде ұстазы Арман Дүйсеновтің жертөледе орналасқан студия ішінде қайтыс болғанын айтқан болатын.
Композитордың жұбайы әнші жалған ақпарат айтқанын, тіпті хабарласып, ұрыс естігенін айтты.
«Студияда қайтыс болған жоқ. Мен ол кісіге хабарласқан болатынмын. Неге сіз ондай сұхбат беріп жатырсыз деп. Ол кісі истерить етіп, ұрысып, маған жауап берген жоқ», — дейді Айсұлу Айданқызы.
Айтуынша, ол Индира Елеместің күйеуіне тиесілі зауытта көз жұмған.
«Арманның жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Сәкен, Мейрамбек, Ринат Зайытов ағалар келді. Тәуелсіз сарапшы шақыртқанда денесінде ешбір жарақат болмады», — дейді композитордың әйелі.



