Әлем жаңалықтары

Су тасқыны, құрғақшылық және өрт: Әлем бойынша азық-түлік бағасы өспек

Фото: Pixabay.com
Тоғыз негізгі тауарды қамтитын Bloomberg ауылшаруашылық спот индексі ай сайын шамамен 7% артып келеді. Бұл – 2022 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бразилия, Вьетнам және Аустралияда су тасқыны мен төтенше құрғақ ауа райына байланысты қант, астық және кофе өндірісіне қауіп төніп тұр.

Чикаго бидай фьючерсі қыркүйекте қолайсыз ауа райы қаупінен күрт көтерілді.

Соя фьючерсі екі жылдағы ең үлкен айлық өсімді жарияламақ. Өйткені жетекші өндіруші Бразилия құрғақшылықпен күресіп жатыр. Сонымен қатар қант қамысы алқаптарында шыққан өрт фьючерстің 17% өсуіне ықпал етті.

Арабика кофесінің бағасы биыл 2011 жылдан бері ең жоғары деңгейге өсті. Арзанырақ Robusta кофесі де ауа райының қолайсыздығынан қымбаттады.

Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пальма майының жеткізілімі азайып келеді. Оған ағаштардың қартаюы әсер етеді. Нәтижесінде фьючерстер бес айдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Мамырдың соңында азық-түлік бағасының әлемдік индексі сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 1% өсіп, 120,4 тармақ болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close