Жаңалықтар
Суицидке апаратын 15 мың сайт пен сілтеменің көзі жойылды
Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz сілтеме жасап.
«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді.
Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз – деп жазды бас прокурор.