Әлем жаңалықтары

Сүйінші: Қазақ боксшылары әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Фото: alash.kz

Қазақ боксшылары Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды, деп жазады qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Төрехан Сабырхан (67 кг) финалда кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяны 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Санжарәлі Бегалиев (75 кг) өзбекстандық Жафарбек Шахбазовты жеңіп, екінші алтынға қол жеткізді.

Үшінші алтынды 81 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аружан Зейнуллаева жеңіп алды. Финалда қазақ қызы өзбекстандық Рухшона Паприевамен кездесіп, жеңіске жетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close