Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Суретіңді жіберші»: Абай облысында ер адам жасөспірімнен ұятсыз суреттерді сұраған

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде баласына белгісіз ер адамның хабарлама жібергенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ер адамның айтуынша, күдікті оның баласынан ұятсыз суреттерді сұрап, кездесуді қалаған.

Полиция осы оқиғаға қатысы бар Семей қаласының тұрғынын анықтады.

«Аталған факті бойынша дереу жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде осы оқиғаға қатысы бар Семей қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тексеріс жүргізілуде. Тексеріс қорытындысы бойынша аталған адамның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады», — дейді облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар 42 жастағы ер адамның ауруына байланысты оны мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу мәселесі қаралуда.

Бұл іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Полиция балалардың, соның ішінде интернеттегі қауіпсіздігіне жасалған кез келген заңсыз әрекеттер принципті түрде және заң шеңберінде тоқтатылатынын ерекше атап өтті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button