ЖаңалықтарМәдениет

«Суреттер сыр шертеді»: Заманбек Нұрқаділов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге түскен суреті жарияланды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің ел көрмеген суреттерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің суреттерін жариялады.

«Суреттер сыр шертеді», — деп жазды әнші.

Бір суретте Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты көруге болады.

Желі қолданушылары пікір қалдырып жатыр.

«Тау тұлға, аңыз адам», «Адам адамға қонақ деген осы» және «Үнсіз фото, бірақ тарихы ащы» деп жазып жатыр олар.

Айта кетері, Заманбек Нұрқаділов 2006 жылғы 12 қарашада қаза тапты.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button