ЖаңалықтарЖұмыспен қамту

Әр балаға 11 000 теңге АӘК берілетіні рас па

Осыдан 10 шақты күн бұрын ватсап мессенджерінде : «Қыздар, 21000 теңге тоқтатылады, орнына әр балаға 11 000 теңгеден беріледі екен, қазір ғана «аудандық кеңестен» біліп келдім. Енді неше бала болғаны маңызды емес…» – деген мағынадағы әйел адамның дауысы таралған еді. Ізінше әлгі дауыстың жазбаша нұсқасы әлеуметтік желілерді шарларп кетті. Желдей ескен әлгі ақпараттың анық қанығын білген едік.

«Ешқандай да 11000 теңге туралы заң шыққан жоқ. Ол жалған ақпарат. Және 21 000 теңге тоқтатылады деген де жалған. Жағдай төмен, көпбалалы отбасыларға беріле береді. Тек, кірісін жасырған кейбір көпбалалы жанұялардың атаулы әлеуметтік көмегі тоқтылған және тоқтатылады да. Ал, басқалай ақпараттар өтірік» – деді орталықтың маманы Айзада Кадирова.

«qandastar.kz» үшін.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close