Жаңалықтар

Табыс таппақ болған Ақтөбе тұрғыны 1,3 млн теңгесінен айырылып қалды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Telegram-арна арқылы ұсынылған «қосымша табыс» схемасына алданып, өзінің 1,3 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Sputnik Қазақстан Telegram арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әйел әлеуметтік желідегі бір арнадан лайк басып, пікір қалдыру арқылы ақша табуды ұсынған сайтқа кірген. Сол арнаның админдері келіншекті бірнеше қарапайым тапсырмаларды орындағаны үшін төлем жасалатындығын айтып сендірген.

Бастапқыда шағын әрекеттер үшін «сыйақы» уәде етілген соң, жәбірленуші белгісіз адамдардың берген нұсқауларын орындап отырған. Кейін алаяқтар «тапсырмаларды жалғастыру үшін алдын ала қаражат енгізу керек» деп талап қойған.

Сеніп қалған әйел олардың нұсқаулығымен жалпы 1,3 млн теңгені көрсетілген есеп-шотқа аударып жіберген. Алайда, содан кейін тапсырма берушілер байланысқа шықпай қойған, ал арнаға кіру толық бұғатталған.

Қазіргі уақытта қалалық полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button