Англия Archives - QANDASTAR.KZ

TikTok-тағы жұмыс жарнамасына сенген 10 адам қомақты қаржысынан айырылды
TikTok арқылы Англияға жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, азаматтарды алдаған елорда тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде шетелге жұмысқа жіберу туралы жарнама жариялап, қызығушылық танытқан азаматтарға кеңес берген.

Ол түрлі сауалнамаларды толтыруды ұсынып, кейін қызмет ақысы ретінде ақша аударуды талап еткен.

Алайда қаражатты алғаннан кейін уәде етілген қызметті көрсетпей, ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтып, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеген. Осы жайттарды ескерген сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталғанға бірқатар шектеулер қойылды: пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға болмайды, түнгі уақытта үйден тыс жүруге тыйым салынды. Ал тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаған жағдайда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.

Елорда прокуратурасы қазақстандықтарды шетелде жұмыс іздеу кезінде сақ болуға шақырып, мұндай ұсыныстарды тек ресми және лицензиясы бар ұйымдар арқылы тексеруге кеңес берді.

The post TikTok-тағы жұмыс жарнамасына сенген 10 адам қомақты қаржысынан айырылды appeared first on QANDASTAR.KZ.

Аргентина Англияны соңғы минуттарда жеңіп, әлем чемпионатының финалына өтті
Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кездесудің алғашқы таймында екі команда да есеп аша алмады.

Ал екінші таймның 55-минутында Англия сапынан Энтони Гордон мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Аргентина ойынның соңына қарай қарқынын күшейтті.

85-минутта Энцо Фернандес алыстан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал негізгі уақытқа қосылған 90+2 минутта Лионель Мессидің нәтижелі пасынан кейін Лаутаро Мартинес баспен гол соғып, аргентиналықтарға жеңіс сыйлады.

Осылайша Аргентина әлем чемпионатының финалына жолдама алып, шешуші кездесуде Испания құрамасымен кездеседі. Финал 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өтеді.

Ал Англия құрамасы үшінші орын үшін Франциямен ойнайды.

The post Аргентина Англияны соңғы минуттарда жеңіп, әлем чемпионатының финалына өтті appeared first on QANDASTAR.KZ.

Англия құрамасының көшбасшысы Деклан Райс шешуші матч алдында ауырып қалды
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Деклан Райс ішек инфекциясына байланысты қатарынан екінші күн команда жаттығуына қатыса алмады. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Англия құрамасының медициналық штабы инфекцияның өзге футболшылар арасында таралуына жол бермеу үшін қажетті санитарлық және алдын алу шараларын қолға алған.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Райс Англия сапында төрт матчқа қатысып, барлық ойынды негізгі құрамда бастаған. Ол әзірге гол соқпағанымен, бір нәтижелі пас авторы атанып, алаңдағы тұрақты әрі сенімді ойынымен ерекшеленді.

Статистика бойынша жартылай қорғаушы дәл пас беру, шабуылдарды ұйымдастыру және қорғаныстағы сенімді әрекеттері арқылы команданың негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Айта кетейік, Англия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 11 шілде күні Норвегиямен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы турнирдің жартылай финалына жолдама алады.

Еске салсақ, әлем чемпионатының ширек финалында Франция – Марокко, Испания – Бельгия, Норвегия – Англия және Аргентина – Швейцария жұптары өзара бақ сынайды.

The post Англия құрамасының көшбасшысы Деклан Райс шешуші матч алдында ауырып қалды appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Көк жигули», «18 бен 25» хит әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр
Халыққа кең тараған “Көк жигули”, “Сен маған массың”, “18 бен 25”, “Махаббат жоқ деме, жаным” әндерінің авторы, композитор Нұрзат Рахатов Англияда құлпынай теріп жүр, деп хабарлайды

Сазгер Stan.kz тілшісіне шетелдегі жұмысы мен өмірі туралы айтып берді. Ақынның сөзінше, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Айлығы мардымсыз болғасын, Англияға кетуді жоспарлаған көрінеді.

“2024 жылдың мамыр айында келдім. Мектептегі мұғалімдердің әсіресе жас мамандардың жалақысы аз екені белгілі. Үш жыл мектепте жұмыс істеп жүріп, табысыма көңілім толмады. Содан шетелден жұмыс іздедім. Англия туралы да біраз ақпарат іздеп, виза алып осы елге келдім. Қазіргі жұмысым – құлпынай мен таңқурай теру”, – деді Нұрзат.

Хит әндердің авторы 2018 жылдан бері қазақ эстрадасына белгілі әншілермен танысып, шығармашылық байланыс орнатқан. Әндерінің бағасын да жасырып қалмады.

“Әндерімнің бәріне авторлық құқық рәсімделген. Қазақ авторлар қоғамында әндерім тіркелген. Әндердің бағасы әрқалай, нақты бір сома белгіленбеген. Шамамен бір әнді 50 мың теңгемен 100 мың теңге аралығында сатып алады. Жалпы шығармашылықта табыс тұрақсыз болғандықтан, жалғыз қаламақымен елімізде күн көру мүмкін емес. Несиелерімді жауып, қарыздарымнан құтылсам, осы жылы күзде елге қайтамын. Шығармашылыққа бет бұрамын деп айта алмаймын, өлең жазу, ән шығару жай ғана – хобби”, – деп ағынан жарылды автор.

Бүгінде ақынның көптеген әндерін күллі қазақ жатқа біледі. Тіпті, әлеуметтік желінің арқасында Шығыс Азия елдеріне де тарап үлгерді.

“Хитке айналған “Достарым менің золотой” деген әнді мен жазған жоқпын. Кейбір ақпарат құралдары қате жазып жіберіпті. Рахымжан Жақайымымның «Достарым» деген әнін жаздым. Екеуі екі бөлек ән. «18 бен 25» әні YouTube-та ютубта ең көп қаралым жинады. 2018 жылы жарық көрсе де, әлі күнге дейін шырқалады. Сол жылдары 90-жылдардағы әндер хит болып тұрған еді. Бағы жанып, керемет туындыға айналды. 2020 жылы “Сен маған массың” деген әнді шығардық. Жарық көрген бойда кеңінен таралды. Бүгінде Қытай, Таиланд сияқты Шығыс Азия елдерінде трендтегі әндердің бірі екен. Одан басқа да көптеген әндерге сөз жаздым. Анара Батырхан орындайтын “Қазақтың тойы бітпесін”, Гүлмира Ізбасханова орындап жүрген «Көк Жигули» әнінің қазақша нұсқадағы мәтінін жазып бердім. Абай Бегейдің «Құралай» «Мелодия» деген әндерінің авторымын. 2014 жылы “Ал Давай” деген топ болатын. Соның  «Биле» «Сағындым сені» деген әндерін жазғанмын. “Домино” тобының «Гүлбану» деген әні де менікі. Одан бөлек Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ахан Отыншиев, Алтынбек Тәшімбетов сияқты «Украина дауысы» жобасының финалисті Диляра Дидармен Али Оқаповтың дуэт әнінің мәтін авторымын”, – деді Нұрзат.

The post «Көк жигули», «18 бен 25» хит әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Ливерпуль» Англия чемпионы атанды
Фото: ашық дереккөз

Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Ливерпуль» клубы «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен ірі жеңіске жетіп, АПЛ чемпионы атанды, – деп хабарлайды qandastar.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Голдарды Соланке (12′), Диас (16′), Макалистер (24′), Гакпо (34′) және Салах (63′) соқты, сондай-ақ 69-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Удоги автоголмен есепті еселей түсті.

Бұл «Ливерпульдің» АПЛ тарихындағы екінші, ал жалпы Англия чемпионаттарындағы 20-шы чемпиондық атағы. Олар осылайша «Манчестер Юнайтедпен» чемпиондықтар саны бойынша теңесті, бірақ «МЮ»-де Премьер-лига дәуірінде 13 чемпиондық болса, «Ливерпульдің» енді екінші мәрте Премьер-лигада топ жаруы.

Айта кетейік, бұл чемпиондық «Ливерпуль» үшін ерекше маңызға ие болды. Команда Юрген Клопптың кетуінен кейін Арне Слоттың жетекшілігімен алғашқы маусымында-ақ чемпион атанып, «Манчестер Сити» клубының төрт жыл қатарынан жалғасқан чемпиондық сериясын тоқтатты.

The post «Ливерпуль» Англия чемпионы атанды appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Үй тірлігін міндетсінбей істейді»: Ағылшын жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыз қарым-қатынастағы ерекшеліктерін айтып берді
Фото: ашық дереккөз

Атыраулық Маржан Ерік TikTok-тағы видеоларымен елдің қызығушылығын тудырды. Ол желіде ағылшын жігітінің қалай тамақ істеп беріп жүргенін көрсеткен. Видеоға сипаттама ретінде ол “Тамақ істей алмайсың, сені кім алады деп едіңіздер, міне ол маған күнде тамақ істеп береді” деп жазған. Stan.kz ақпарат агенттігі Маржаннан Англиядағы өмірі және ағылшын жолдасы туралы сұрап, білді.

Маржан жоғары оқу орнын бітірген соң, ағылшын тілін үйреніп, шетелге шығуға талпынған. Ағылшынша сөйлеуден тәжірибе болсын деп, Тандем қолданбасы арқылы шетелдіктермен танысып, тәжірибе алмасып жүрген. Жолдасы Дэвидпен де солай танысыпты. Екі жыл бойы ағылшынша сөйлесіп, онлайн дос болған.

«Ол маған «сен маған жазған ең бірінші қазақ қызысың» деді. Бір жолы мені жұмыстан Англиядағы жазғы каникулға Қазақстаннан студенттер мен оқушыларды алып баруға жіберді. Сол топтың лидері болып мені тағайындады. 8-16 жасар балаларға 1 ай қарап жүрдім. Балалармен жұмыс істеу оңай емес екен. Дегенмен өзім үшін өте қызық тәжірибе болды. Өзім Англияға бірінші рет бардым және Дэвидпен бірінші рет сол кезде кездестік», –  дейді Маржан Ерік.

Англиядан қайтып кеткен соң Маржанның еңбек демалысы басталған. Сол кезде Дэвид билет алып беріп, «кел, Англияны Шотландияны көрсетемін» деп шақырыпты. Бірден ата-анасымен де таныстырған.

«Мені бірден ата-анасымен таныстырды. Оларға қызым мұсылман, Қазақстаннан деп айтқан. Анасы олай болса, шошқаның етін жемейтін шығар деп, маған тауық етінен дәстүрлі тамақ дайындап берді. Ал мен жақтан анам, туыстарым басында қуанбады. «Кім ол, қазақ емес, мұсылман емес. Басқа жердің адамы. Ертең алып кетіп, соңында тастап кетеді» деген сияқты пікірлер болды. Бірақ ол ата-анамның алдынан өтті, менің ниетім шынайы деп білдірді. Ең бастысы мені анам қолдады. “Сен бақытты болсаң, мен бақыттымын” деді. Ол Дэвидті қатты жақсы көріп кетті. Кейін жақындарымның да ойы өзгерді. Өйткені Дэвид Ақтауда, анамның апасының үйінде үш күн жатты. Одан кейін Атырауға үш күн тоқтадық. Құлсарыға апарып, өзім өскен жерді көрсеттім. Онда екі күн болдық. Осы аралықта жақындарымның үйіне кіріп, баталарын алдық. Кейін жігітімді ең жақын құрбымның тойына апардым. Тамада оны 2-3 рет ойынға, байқауларға шақырды, тойды біраз көтерді. Оған той ұнады және мүлдем басқаша әсер сыйлады. Соңында бәрі ас қайырғанда ол да қайырды. Осылай құрметін білдірді”, – дейді Маржан.

Маржан Дэвидті ең бірінші анасы және жеңгесімен таныстырған. Сол сәтте түсірілген видео TikTok-та ерекше танылып кетті.

“Кездесуге нағашы жеңгем қатысқан. Ол Дэвидке «Қанша ақшаң бар, неше бала болғанын қалайсың” деп, неше түрлі сұрақ қойды. Соңында Дэвид «жеңгең қауіпсіздік комитетінің қызметкері сияқты» деді. Дэвид болса, өзінің ниетін білдіріп, «қызыңызбен бірге тұрғым келеді» деп алдынан өтті. Ал менің анам мен ағам намаз оқиды. Жігітім мұсылман болмаған соң ағам қарсы болды, бірақ анам қолдады. Жігітім менің сенімімді құрметтейді. Егер намаз оқимын десең, мен де Ислам туралы көбірек біліп, ізденемін деген. Бұйырса, құдалық пен той келесі жылы болады», – дейді ару.

істегенді де жақсы көреді екен. Ал Маржан ыдыс жуамын дейді.

«Біз басынан келісіп алдық. Мен жігітіме «мен тамақ істесем, тек қалаған уақытымда істеймін. Басқа кезде сұрап, “неге жасамайсың деп қыспаққа алма» дедім. Үйді жинап, ыдыс жуып, таза ұстаймын деп айтып қойдым. Ал анам болса Дэвидке жақтасады. Хабарласып, «күйеубала, Маржан да тамақ істесін» деп отырады. Дэвидтің ата-анасымен 5 айдай бірге тұрдық. Бірақ болашақта бөлек тұрасыңдар, біз сіздермен тұрмаймыз деп айтты. Жалпы бөлек тұрған жақсы болады. Өзім үшін ең маңыздысы анамның рұқсатын алу болды», – дейді Маржан Ерік.

Маржан бізге шетелдік жігіттердің қазақ жігіттерінен айырмашылығын да айтып берді.

“Басқа елдің жігіттері үй тірлігін міндетсінбей істейді. Пікірлерді көріп отырғаныңыздай, біздің жігіттер асүйге кірсе, еркек деген атынан айырылады екен. Сонымен қатар ең бастысы конфликт болғанда ол үнемі татуласуға бірінші келеді. Қате түсініп қалмаңыз, қазақтың жігіттері жаман дегенім емес. Бұрын қазақ жігітпен үш жыл кездестік, бірақ бір келісімге келе алмадық”, – деді ол.

Маржанның TikTok-тағы видеоларына көп адам пікір жазып жатыр. Оның 30-40%-ы хейт және ол көбіне жігіттерден дейді өзі. Дегенмен Маржан өз қалауымен өмір сүруді және адамдардың сөзімен алыспауды үйренген екен.

«Көбіне қыздар қолдап, тілегін айтып, мен үшін қуанып жатыр. Менің хейтке қарсы иммунитетім бар. Әр адамның аузын жауып, қақпақ бола алмайсың. Оның үстіне әр адамның пікірі болады. Ең бастысы өзара түсіністік болса, жеткілікті. Жақындарымның арасынан да анама барып «қызың мұсылман емес пе, мұсылман жігітпен жүрсін, ұят» дегендер де болды. Бірақ анам мені әрдайым қолдайды. Дэвидті баласындай жақсы көреді. Анамды Грузияға шақырып, оған күшті демалыс ұйымдастыруды да Дэвидтің идеясымен жасадық», – дейді атыраулық қыз.

Жастар биыл жыл соңына дейін Грузияда болып, келесі жылы Англияға қайта көшпек. Қалыңдықтың визасын жасатпақ. Кейін ыңғайы келгенде анамды да көшіріп аламын дейді атыраулық қыз.

“Кейінгі 2 жыл екеуіміз Астанада, сосын Англияда (Стаффорд) тұрдық. Қазір Грузияда тұрып жатырмыз. Өйткені осы елдегі халықаралық компания жұмыс ұсынды. 3 тілде, қазақша, ағылшынша, орысша контент модератормын”, – дейді Маржан.

Маржан ағылшын тілін үйреніп, шетелде жұмыс істеген адам ретінде өзі қатарлы жастарға ақыл-кеңесін де айтты.

“Жастарға, іні-cіңлілеріме ағылшын тілін оқыңыздар деп айтар едім. Ешқашан кеш емес, өйткені өзім универ кезінен бастап оқыдым. Ағылшын білсеңіз, мүмкіндіктер көп болады. Шетелге жібере алатын компанияларға кіріңіздер, әсіресе сату менеджері болып. Сонда компания сізді басқа елдерге жібереді. Ешқашан өзіңізді көрсетуге қорықпаңыз. Ағылшынша сөйлесуге тәжірибе керек болса, Тандем деген қолданбаны жүктеп, сол арқылы шетелдіктермен сөйлесе аласыздар. Мен Дэвидті солай кездестірдім”, – деді Маржан.

The post «Үй тірлігін міндетсінбей істейді»: Ағылшын жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыз қарым-қатынастағы ерекшеліктерін айтып берді appeared first on QANDASTAR.KZ.