Әскерге шақыру Archives - QANDASTAR.KZ

Қазақстанда 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Қазақстанда 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны ресми түрде басталды. Президент Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 18–27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босатылу құқығы жоқ шамамен 23 мың азамат әскер қатарына алынады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Шақырылғандардың 12 мыңнан астамы Қазақстан Қарулы күштерінде қызмет етсе, 7 мыңға жуығы Ұлттық ұланға жіберіледі. Сонымен қатар 3 мың азамат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, 400-ден астамы Төтенше жағдайлар министрлігінде, ал 300-ге жуық жас Мемлекеттік күзет қызметінде борышын өтейді.

Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру рәсімін цифрландыру жұмыстарын жалғастырып келеді. «Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасы арқылы әскери есепке алу және шақыру қызметтері автоматтандырылған. Азаматтар тұрғылықты мекенжайын өзгерткен кезде әскери есепке автоматты түрде тіркеледі, 17 жасқа толған жастарды бастапқы тіркеу, сондай-ақ әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату рәсімдері де электронды форматта жүзеге асырылады.

Әскери есепке қатысты барлық мәліметтерді азаматтар eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы көре алады.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Сарбаздарға әскери мамандықтармен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық азаматтық кәсіпті тегін меңгеруге мүмкіндік беріледі. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және басқа да мамандықтар бар.

Сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген азаматтарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Қызметін абыроймен аяқтаған сарбаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ мемлекеттік білім гранты негізінде жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.

The post Қазақстанда 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны басталды appeared first on QANDASTAR.KZ.