бұқаралық спорт Archives - QANDASTAR.KZ

Ұлытаудан Балқашқа дейін: Қазақмыс заманауи спорт нысандарын ашып жатыр
Қазақмыс өңірлерде заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Қазақмыс» корпорациясы өзі жұмыс істейтін өңірлерде бұқаралық спортты дамытуға және заманауи спорт нысандарын салуға бағытталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.

Компанияның әлеуметтік бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, жаңа спорт орталықтары пайдалануға берілуде.

Ірі жобалардың бірі – Жезқазған қаласындағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Құны 8,5 млрд теңге болатын кешенде өңірдегі алғашқы 25 метрлік жүзу бассейні, әмбебап ойын залы және көркем гимнастикаға арналған арнайы зал орналасқан. Бүгінде мұнда республикалық және халықаралық жарыстар өткізіліп, жас спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Спорт инфрақұрылымын дамыту аясында 2026 жылдың қыркүйегінде Жезқазғанда NAMYS спорт академиясын ашу жоспарланған. Құны 8,1 млрд теңгені құрайтын жаңа кешенде 150-200 жас спортшы білім алып, кәсіби дайындықтан өтеді. Академия тәрбиеленушілері жатақханамен, тегін тамақпен және қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Сәтбаев қаласында «Сұңқар» спорт кешені, Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында «Толағай» кешені пайдалануға берілді. Бұл нысандарда балалар мен жасөспірімдер тұрақты түрде спортпен шұғылданып, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де арнайы жағдай қарастырылған.

Балқаш қаласында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп салынған «Металлург» көпфункционалды спорт залы жұмысын бастады. Мұнда күрес түрлері, футбол, баскетбол және волейбол секциялары тегін ұйымдастырылып, 400-ге жуық бала мен қала тұрғыны спортпен айналысып келеді.

Сондай-ақ Жамбыл облысының Шу ауданындағы Көкқайнар ауылында жаңа спорт кешені ашылып, ауыл жастарының бокс және күреспен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасалды.

Компанияның мәліметінше, спорт инфрақұрылымын дамыту – ұзақ мерзімді әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты. Бұл бастамалар тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дарынды жастарды қолдауға және өңірлердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған.

The post Ұлытаудан Балқашқа дейін: Қазақмыс заманауи спорт нысандарын ашып жатыр appeared first on QANDASTAR.KZ.