Дала қырандары Archives - QANDASTAR.KZ

Шымкентте «Дала Қырандары» ұйымының жаңа қалалық штабы ашылады
Алдағы уақытта Шымкент қаласында «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің жаңа штабы жұмысын бастайды. Штаб Мадели Қожа көшесі, 46 мекенжайында орналасқан және өңірде шамамен бір жыл бойы белсенді жұмыс істеп келе жатқан қозғалыстың қалалық бөлімшесінің негізгі орталығына айналмақ, деп хабарлайды QANDASTAR.

Штаб қырандардың үйі ретінде жасақталған. Қыран – ұйымның құндылықтарын бөлісетін, қоғам өміріне белсене араласатын, бастама көтеріп, өз қаласы мен еліне пайда тигізуді мақсат ететін жас азамат. Бұл кеңістік қырандарға білім алып, дағдыларын дамытып, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жаңа штабта лекторий, жоба топтарына арналған жұмыс алаңдары, сондай-ақ медиа материалдар дайындауға және коммуникациялық бастамалар жүргізуге арналған бөлмелер қарастырылған.

Штабтың ашылуы жақын күндері жоспарлануда. Мұнда кездесулер, оқыту бағдарламалары және Шымкент жастарының азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өтетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дала Қырандары | Шымкент қаласы өңірлік штабы (@qyrandary_shymkent)

The post Шымкентте «Дала Қырандары» ұйымының жаңа қалалық штабы ашылады appeared first on QANDASTAR.KZ.

Елордада «Дала Қырандары» ұйымы үміткерлерден норматив қабылдады
Астанада жастар бірлестігі «Дала Қырандары» ұйым қатарына қабылданғысы келетін үміткерлерден арнайы норматив тапсырмаларын қабылдады, деп жазды qandastar.kz

Сынақ бағдарламасына Купер тесті және 3000 метр қашықтыққа жүгіру уақыты енгізілген. Бұл кезеңдер үміткерлердің төзімділігі мен физикалық дайындығын бағалауға бағытталған.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, барлық сынақтан сүрінбей өткен жастарды енді жарғы бойынша емтихан мен білім тесті күтіп тұр.

«Мақсатымыз – отансүйгіш, рухы мықты, ел болашағына бейжай қарамайтын жастарды тәрбиелеу», – дейді ұйымдастырушылар.

The post Елордада «Дала Қырандары» ұйымы үміткерлерден норматив қабылдады  appeared first on QANDASTAR.KZ.

5000 қазақстандық жас спорт алаңдарын тазартты
Фото: Дала қырандары

Бүгін Астанадағы Триатлон саябағы мен басқа да қалалардағы спорт алаңдары ерекше қозғалысқа толды. Еліміздің 20-дан астам қаласында LED-экран арқылы тікелей көрсетілген #жаттығу жобасы жаңа маусымын ашты.

Бұл ел бойынша 5000-ға жуық жастың бір уақытта бір ритммен қимылдап, тазалық пен тәртіпке үн қосқан күн болды. #жаттығу – бұл жай ғана таңғы дене жаттығуы емес. Бұл – жастардың жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыруға арналған қозғалысы. 2022 жылы «Дала Қырандары» ұйымының бастамасымен іске қосылған бұл жоба бүгінде мыңдаған жасқа үлгі болып отыр.

Астанадағы іс-шараны ашқан ұйым үйлестірушісі Нұрғали Тұрсынғазиев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының мәнін ерекше атап өтті, деп жазды qandastar.kz

«Қазақстанның қаншалықты таза болатыны – өзімізге байланысты. Тазалық жинаған жерде емес, ластамайтын жерде болады. Біз ауладан бастап, қаламызға дейін жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бұл – біздің өмір салтымыз болуы тиіс», – деді ол.

Сөйтіп Нұрғали Тұрсынғазиев жаттығуға старт беріп, елордалық қырандармен бірге сергіту жаттығуын бастады. Жаттығудан кейін қатысушылар бірден сенбілікке көшті. Парк аумағы тазартылып, спорт жабдықтары жаңартылды. Әр жаттығу алаңында ақпараттық тақталар орнатылып, енді ол жерде қала тұрғындарына арналған тегін жаттығу кестесі жарияланып отырады. Іс-шара қатысушысы, ұйымның белсенді мүшесі Сағида Зейнадилова спорттық жиынға қатысты ойын айтты.

«Жаттығу құрылғылары сынбасын, балалар үшін қауіпсіз орта қалыптассын десек — тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетке айналуы керек. Біз әр аулада үлгі көрсеткіміз келеді. Бүгін бізбен бірге 5000 жас Қазақстанның түкпір-түкпірінде өз алаңын таңдады. Енді әрбір алаңға «қырандар» жауапты болады», – деді ол.

#жаттығу жобасы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің ресми қолдауымен жүзеге асып келеді. 2024 жылы жасалған меморандум нәтижесінде жобаның ауқымы кеңейіп, тек физикалық белсенділік емес, қоғамдық сана мен ортақ жауапкершілікке басымдық беріліп келеді.

Астанадан басталған жаттығу эстафетасы Шымкент, Қарағанды, Орал, Семей сияқты қалаларға таралып, бір күнде 5000-нан астам жас ортақ миссияны қолға алды – өз қаласын, өз аулаларын таза, қауіпсіз әрі тартымды ету.

The post 5000 қазақстандық жас спорт алаңдарын тазартты appeared first on QANDASTAR.KZ.

“Дала қырандары”: Астанада 2000 жас есірткіге қарсы шарада бірікті
Астанада синтетикалық есірткіні таратушыларға қарсы бұрын-соңды болмаған «Сатқындар» науқаны өтті. Маңызды шараға екі мыңнан астам жас жұмылып, қоғамдық індетке қарсы үнін жеткізді, — деп жазады qandastar.kz

Шараға әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цирульников, «РЕКАВЕРИ-ПАВЛОДАР» бірлестігінің координаторы Сергей Лаптев, сондай-ақ «Дала Қырандары» координаторлары – ММА бойынша Әлем чемпионы және Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаты Василий Тахтай, Дүниежүзілік бокс сериясының (WCB) екі дүркін әлем чемпионы Мерболат Тойытов пен қазақ күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері Нұрғали Тұрсынғазиев, Нұрбол Сейітқалиевтер қатысты.

Қозғалысқа Shiza, HiRo және Yerbolat сияқты танымал рэперлер қолдау танытты. Ресми бөлімнен кейін «Дала Қырандары» жасақтары Астананың көшелерін аралап, есірткі сатушыларға қарсы іс-қимылдарға көмектесті.

-Есірткіге елтіген, кезекті доза іздеген талай адам қарызға батты, заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Тығырыққа тіреліп, өмірде басқа қызық-құмар таппай, өзіне қол салғандар жетерлік. Президент сондықтанда Ұлттық құрылтайда да ұлтымызға қауіп төндіретін, жастарды құрдымға құлататын синтетикалық есірткімен күресті күшейтуді тапсырған еді. “Дала қырандары” жастар бірлестігі шет қалмай, өзекті шара өткізді. Баршаға ортақ мақсатымыз — ұлттың болашағына балта шабатын кеселмен күресу, — деді Василий Тахтай.

Статистикаға жүгінсек, есірткі өндірісі күннен күнге ұлғайып барады. Егер 2019 жылы – 3, 2020 жылы – 8 заңсыз есірткі зертханасы жойылса, 2023 жылы олардың саны бірден 81-ге жеткен. Биыл елімізде 31 жасырын есірткі лабораториясы жойылған. Улы зат тұтынатындардың дені — жастар. Қынжылтатыны да сол.

-Есірткі саудасы – бұл өте пайдалы бизнес, сондықтан онымен айналысатын адамдар моральдық принциптерге алаңдамайды. Нашақорлықпен күрес мемлекет үшін басым міндеттердің бірі болғанына қарамастан, бұл індеттің тез таралуын тежеу өте қиын. Сонымен қатар есірткінің кез-келген “қалтаға” арналған түрлері де табылады. Бірақ есірткінің түрі мен құнына қарамастан, зардабы бірдей – толық “құлдырау”. Жастар бұдан аулақ болу керек, — деді Нұрғали Тұрсынғазиев.

Шынында жастардың осындай шараларда бірігіп, мәселеге жіті назар аударуына ықпал жасау күн тәртібінен түспеуі тиіс. Бүгінгі “Дала қырандарының” бастамасы да осыны көздеді және сол үдеден шықты деп айта аламыз.

The post “Дала қырандары”: Астанада 2000 жас есірткіге қарсы шарада бірікті appeared first on QANDASTAR.KZ.