мектеп автобусы Archives - QANDASTAR.KZ

Ұлытауда ақыл-ой кемістігі бар ер адам мектеп жүргізушісі болып жұмыс істеген
Ұлытау облысының Қаражал қаласында мектеп оқушыларын тасымалдау кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Прокуратураның тексеруі барысында жүргізуші куәлігінен айырылған әрі медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтың мектеп автобусын басқарғаны белгілі болған.

Ол Қаражал қаласындағы мектептердің біріне жүргізуші болып жұмысқа қабылданып, «ПАЗ-423470» маркалы автобуспен оқушыларды тасымалдаған.

Қадағалау органының мәліметінше, аталған азамат психоневрологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған.

Сонымен қатар ол бала кезінен мүгедек болып саналады және есту қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар. Бұған қоса, сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Прокуратура мұндай жағдайда азаматты балаларды тасымалдауға жіберу 129 кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін атап өтті.

«Жүргізуші дыбыстық сигналдарды толық қабылдай алмай, жол жағдайына және төтенше ахуалдарға жедел әрекет ету мүмкіндігінен айырылған. Бұл ауыр салдарға әкелуі мүмкін жол-көлік оқиғаларының тәуекелін арттырған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру барысында жүргізуші мен білім беру ұйымы басшысы арасында жақын туыстық байланыс болғаны да анықталған. Прокуратура мұны мүдделер қақтығысының белгісі ретінде бағалаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетіліп, жауапты лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

The post Ұлытауда ақыл-ой кемістігі бар ер адам мектеп жүргізушісі болып жұмыс істеген appeared first on QANDASTAR.KZ.