Металлург Archives - QANDASTAR.KZ

Металлург күні: Балқашта еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілді
Балқашта Металлург күніне орай сала үздіктерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Салтанатты жиында өндірістегі жоғары жетістіктерімен көзге түскен металлургтерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев металлургтердің ел экономикасындағы рөлін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігін металлургия саласы қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ еңбек әулеттерінің үлесін жоғары бағалап, бірнеше буыннан бері осы салада еңбек етіп келе жатқан Ақбергеновтер әулетін мысалға келтірді.

Мерекелік жиында үздік мамандар «Еңбек Даңқы», «Құрметті металлург» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі 2026 жылдың алғашқы алты айында Балқаш мыс балқыту зауыты 96 мың тоннадан астам катодты мыс өндіргенін айтты. Оның сөзінше, бұл – кәсіпорын ұжымының кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Сонымен қатар кәсіпорында өндірісті жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл балқыту агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, өндірістік нысандар жаңартылуда. Жыл соңына дейін Балқаш өндірістік алаңына жалпы құны 166 млн теңгеден асатын екі заманауи жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Ал әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңғыртуға 754 млн теңге бөлінген.

Компания өкілдерінің айтуынша, инвестициялар тек өндірісті дамытуға емес, сонымен қатар Балқаш қаласының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын қолдауға да бағытталып келеді.

The post Металлург күні: Балқашта еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілді appeared first on QANDASTAR.KZ.