Премьер-министр Archives - QANDASTAR.KZ

Елімізде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 38 жаңа жоба іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс саласының қарқынды дамуына байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Осыған орай, нарықта тапшылықтың пайда болуына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған жаңа жобалар іске асырылуда.

Премьер-министрдің айтуынша, биыл елімізде осы бағытта 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, аталған жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ал бұл жұмыстарды жалпы бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

The post Елімізде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 38 жаңа жоба іске қосылады appeared first on QANDASTAR.KZ.

Халық табысы экономикалық өсіммен тең емес: Бектенов Үкіметтегі өзекті мәселені көтерді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы азаматтардың табыс деңгейі мен экономиканың нақты өсім қарқыны арасындағы сәйкессіздікке назар аударды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 31 пайызды құрап отыр.

Бұл көрсеткіш Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары деңгейлердің бірі саналады.

Алайда табыс құрылымындағы оң динамикаға қарамастан, жалақы өсімі бизнестегі кірістердің артуымен бірдей қарқынмен дамып отырған жоқ.

«Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде», – деді Бектенов.

Үкімет әзірлеп жатқан бұл бастамалар еңбекақыны кезең-кезеңімен көтеруге, тұрақты әрі лайықты жалақысы бар жұмыс орындарының санын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталмақ.

The post Халық табысы экономикалық өсіммен тең емес: Бектенов Үкіметтегі өзекті мәселені көтерді appeared first on QANDASTAR.KZ.

Премьер-министр Alatau City туралы: қаланың дамуының негізгі қағидаттары жаңа Конституция жобасына енгізілді
Президент тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық порталы.

Жиында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, құқықтық экожүйе қалыптастыру, сондай-ақ сапалы адами капиталды дамыту тетіктері қаралды. Премьер-министр Мемлекет басшысының Alatau City жобасына айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Президент бұл қаланы елдің ұзақмерзімді экономикалық өсімінің жаңа драйвері ретінде айқындап, жобаның іске асуын жеке бақылауда ұстап отыр.

Алатау қаласының дамуына қатысты негізгі қағидаттар жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан. Арнайы құқықтық режимдерді енгізу инвестициялық тартымдылықты арттырып, елдің стратегиялық экономикалық мүдделеріне сай келеді. Бұл ретте мұндай режимдер әкімшілік-аумақтық тұтастыққа әсер етпейтіні, аумақтың тұрақтылығы сақталатыны баса айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар инвесторларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйе құраушы жобалар іске қосылуда. Олардың қатарында Iconic Complex көпфункционалды кешені мен KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.

Қала дамуына арналған инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларын қамтитын 44 жобадан тұрады. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,8 трлн теңгені құрап, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылуда. Энергия, су, газ және жол инфрақұрылымы бойынша бірқатар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Alatau City Authority мемлекеттік қорының басшысы міндетін атқарушы Әлішер Әбдіқадыров қала дамуына қатысты тұжырымдамалық жоспар, қала құрылысы құжаттары мен даму стратегиясы әзірленгенін мәлімдеді. Бұл құжаттар аумақты аймақтарға бөлу, құрылыс талаптары, көгалдандыру, көлік қолжетімділігі мен тұрғындардың өмір сүру сапасына қойылатын стандарттарды айқындайды.

Сапалы адами капиталды қалыптастыру мәселесіне де жеке көңіл бөлінді. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапур тәжірибесі негізінде еңбек ресурстарын кезең-кезеңімен және селективті тарту моделі ұсынылды. Негізгі мақсат — жоғары білікті және басқарушылық кадрлар үлесін арттыру.

Кеңес қорытындысында қатысушылар ұсынылған тәсілдерді қолдап, Алатау қаласының толыққанды экожүйесін қалыптастыру үшін дербес нормативтік актілерді жедел әзірлеудің маңызын атап өтті. Осы мақсатта Жедел комитет құрылды. Барлық нормативтік құжаттар инвесторлар үшін ашық әрі түсінікті болуы тиіс, сондықтан оларды әзірлеуге отандық және халықаралық сарапшылар тартылатын болады.

The post Премьер-министр Alatau City туралы: қаланың дамуының негізгі қағидаттары жаңа Конституция жобасына енгізілді appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Балалар фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді»: Бектенов Әлназароваға тапсырма берді
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді, деп жазады qandastar.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасынан кейін сөз алған Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар екенін атап айтты. Тіпті, кей кезде оған тәуелді болып қалады.

Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер, – деді Олжас Бектенов.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген.

Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.

The post «Балалар фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді»: Бектенов Әлназароваға тапсырма берді appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Баға сол күйі қымбат»: Премьер-министр жол бойындағы сервисті қатаң сынға алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол бойындағы қонақ үйлер мен дәмханалардағы бағаның тым қымбат екенін айтты, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Олжас Бектеновтың айтуынша, бүгінде көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету қиын. Жол бойындағы сервиске қатысты да үлкен сұрақтар бар. Кей жерлерде энергия қуаты жетіспейді. Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық, құқық қорғау мен құтқару қызметтері барлық жерде бірдей ұйымдастырылмайды.

Қонақ үйлерде, туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде баға сол күйі қымбат. Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағымдар көп, – дейді Олжас Бектенов.

Премьер осы мәселелерді шешу үшін жедел үйлестіру кеңесін құру қажеттігін жеткізді. Оны вице-премьер Аида Балаева басқарады. Ал туризм министрлігі үш күннің ішінде үкімет аппаратына тиісті өкім жобасын енгізуге тиіс.

Үйлестіру кеңесі бір ай ішінде мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен ескертуін назарға ала отырып, туризмді дамыту тұжырымдамасына арналған іс-қимыл жоспарын жаңартуы қажет, – деп түйіндеді Бектенов.

The post «Баға сол күйі қымбат»: Премьер-министр жол бойындағы сервисті қатаң сынға алды appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Таза парақ» тәсілі: Микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі
Үкімет экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады, деп жазады qandastar.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған шешімге сәйкес, микро және шағын бизнес субъектілерін тарату және олардың қызметін тоқтату қағидаларын, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салық берешектері болған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібін бекіту көзделіп отыр. Бұл қатарға қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін салынған айыппұлдар да енгізілген.

Аталған қағидалардың жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжаттардың күшіне енуі 2026 жылғы ақпан айының басына жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Үкімет тарапынан бірқатар қосымша ұйымдастырушылық және жедел шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін есептелген салықтық міндеттемелер бойынша берілген есептілікке қатысты камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл шешім 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен төртінші тоқсаны үшін декларацияларды салықтық міндеттемелерсіз тапсыру тәуекелдерін азайту мақсатында қабылданған.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін жоспарлы салықтық тексерулер тоқтатылады. Дегенмен, қылмыстық-процестік заңнамаға, прокуратура органдарының актілеріне, қарсы тексерістерге, сондай-ақ салық төлеушілердің өтініштері негізінде тағайындалған тексерістер бұл шектеуге кірмейді.

Бұдан бөлек, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелер мен тіркеу әрекеттерін жарамсыз деп тану туралы сот талап-арыздарын беру тоқтатылады. Бұл ретте құқық қорғау органдарының материалдары негізінде қозғалған істер аталған шектеуге жатпайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс қозғау да тоқтатылады. Атап айтқанда, ҚҚС бойынша тіркеуге уақтылы тұрмағаны, тіркеусіз кезеңдегі айналымдар және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін есептілікті тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолданылмайды.

Қабылданған шаралар «таза парақ» қағидатын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – әкімшілік және фискалдық жүктемені азайту, микро және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлердің жүргізіліп жатқан салықтық және институционалдық реформаларға бейімделуіне жағдай жасау.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі 2026 жыл бойы микро және шағын бизнес субъектілеріне өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселесін қосымша пысықтап жатыр. Бұл қадам Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерге бизнестің бірқалыпты бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.

The post «Таза парақ» тәсілі: Микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі appeared first on QANDASTAR.KZ.

Салық төлеу әділ әрі түсінікті болуы керек – Олжас Бектенов
ҚР Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп жазады qandastar.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты. 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджет кірісінің орындалу қорытындылары қаралды.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, кірістер жоспары 100,1%-ға орындалып, өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 24,6 трлн теңге түсті. 2026 жылғы 1 қаңтардан бері жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен 454 мың салық төлеуші оңайлатылған салық декларациясы бойынша өз қызметін растады; өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде 138 мың жеке тұлға тіркелген (оның 122 мыңы бұрын тіркелмеген). 7 мыңнан астам бизнес субъектісі жаңа ҚҚС төлеушілер ретінде есепке алынды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басым міндеті қызмет көрсету ісін дамыту, салық төлеушілерге ашықтық пен әділ көзқарас қалыптастыру екенін баса айтты. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларына негізгі жұмыс қағидаттары белгіленді.

Әділ, ыңғайлы әрі түсінікті. Салық төлеу үдерісі дәл осылай болуы керек. Ішкі кірістер қызметінің қызметкерлері бизнестің серіктестері әрі кеңесшілері болуы керек. Жауапқа тарту шаралары тек кірісін қасақана жасырғандар үшін қарастырылған. Сондықтан 2026 жыл бүкіл ШОБ үшін өтпелі жыл болады; төлеудегі қателіктер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдардың өндірілмейді. Сонда кәсіпкерлер бұл жылды өзгерістерге байсалды түрде бейімделу үшін пайдалана алады, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) жаңа цифрлық архитектурасын енгізу, салықтық және кедендік әкімшілендіруді микросервистік модельге көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. МКК-нің фискалдық процестерін оңтайландыру мақсатында бұған дейінгі 12 ескірген ақпараттық жүйенің орнына 5 заманауи цифрлық платформа қолданысқа енгізілді. Бұл салық салу рәсімдерін жеңілдетуге, адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және заң бұзушылықтарды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. Осы жылдың басынан бері салық салудың оңайлатылған режиміне көшу бойынша 500 мыңға жуық өтініш өңделді.

Қазірдің өзінде мемлекеттік кірістер органдарының жаңа ақпараттық жүйелерінде салық есептілігінің 800 мың нысаны бар. Цифрлық сервистер шамамен 1,7 млн бизнес субъектісі қызмет көрсетеді. Күніне жүйеге орта есеппен 87 мыңнан астам салық төлеуші кіреді. Оңтайландырудың басты артықшылығы – салық құжаттарын жылдам өңдеу, яғни 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарту, онлайн төлемдер жүргізу, жүйенің қол жетімділігін арттыру және бір мезгілде кірген пайдаланушылар санын (100 мыңнан 250 мыңға дейін) көбейту. Кәсіпкерлерді қолдау және олардың тарапынан қателерді болдырмау үшін форматты-логикалық бақылау енгізілді. Биылдан бастап ҚҚС бойынша декларацияларды автоматты түрде толтыру жүзеге асырылды, бұл бизнес үшін міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мәртебе автоматты түрде e-Saluq Business мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Бұл ретте жаңа цифрлық құралдар тек салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін ғана емес, сонымен қатар статистиканы қалыптастыру, өңірлер бойынша азық-түлік және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының, ЖЖМ қажеттіліктерінің мониторингі, жәрдемақыларды есептеу, субсидиялар беру, квазимемлекеттік сектордың заңсыз сатып алуларын болдырмау, құқық қорғау органдарының қызметі және тағы да басқалар үшін пайдаланылады.

Big Data бірыңғай аналитикалық платформасы 74 дереккөзден алынған мәліметтерді біріктіреді. Онда салық төлеушілер туралы барлық негізгі ақпарат, соның ішінде жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскелері, қаржылық операциялар және валюталық бақылау шеңберіндегі халықаралық мәмілелер және тағы да басқалары бар. Аналитикалық құралдар 2025 жылы 700 млрд теңгеден астам салық пен төлемдердің қосымша түсімдерін қамтамасыз етті және бақылаудың нақтылығын арттырды. Тапсырылған салық декларациялары мен берілген шот-фактуралар ашықтыққа жол ашып, заңсыз схемаларды қолдану белгілерін анықтауға қосымша мүмкіндік береді. Мысалы, Астанада кассалық тәртіпті бұзған салық төлеушілерді іріктеу жөніндегі жаңа сервисті пилоттық жоба ретінде енгізу нәтижесінде 121 мың салық төлеушінің 55,9 мыңы заң бұзғаны анықталды.

Қаржы министрлігінің басшылығы нақты мысалдар келтірді: Астанада қоғамдық тамақтану орындарының бірінің иесі берілген чектердің жүзеге асырылған тапсырыстар санына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекелді салық төлеушілер тізіміне енді. Қорытындысы бойынша кәсіпкер заң бұзушылықтарды мойындап, қосымша декларация тапсырды.

Маңғыстау облысындағы энергетикалық компанияның қызметін талдау барысында сатып алынған құбырлар құнының алдын ала 16,9 млрд теңгеге артқанын көрсетті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәл осы өңірде ЖШС-да салық төлеуден жалтару схемасын құруды куәландыратын бірқатар елеулі сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, ЖК жеткізуші-контрагенттердің басым бөлігі ЖШС-ның IP-мекен жайынан есеп берген, кейбір ЖК бас тапсырыс берушінің қызметкерлері болып саналады және тағы басқалар.

Алматыда жайлы мектептер салуға мемлекеттік келісімшарттар алу барысында жалақыны едәуір көтеру анықталды. Мәселен, нысандардың бірін салу кезінде ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн-ға дейін өскен, бұл құрылыс шығындарының әдейі ұлғаюы мүмкін екенін көрсетеді. Аталған факт бойынша тексеру жүргізіледі. Жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру белгілері бар салық төлеушілерге қатысты биометриялық сәйкестендіру модулін енгізу нәтижесінде 17,4 мың тәуекелді кәсіпорын анықталды. 30 млрд теңгеге ЭШФ заңсыз шығару мүмкіндігі тоқтатылды.

Цифрлық теңге бойынша ҚҚС-ны ашық және бақыланатын қайтаруды қамтамасыз ететін «Цифрлық ҚҚС» модулін іске қосу маңызды қадам болып отыр. «Валюталық бақылау» екінші деңгейдегі уәкілетті банктер жүргізетін төлемдер туралы мәліметтерді алу үшін Ұлттық банктің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. Халықаралық ұшуларды модельдеу жолаушылар ағынына алдын ала талдау жүргізуге және жеке тұлғалар мен тауарлардың қозғалыс заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда ЭЫДҰ (CRS) шеңберінде 80 елмен, АҚШ-пен (FATCA) және ТМД-мен (5 ел) резиденттердің кірістері мен шетелдегі мүліктері туралы мәліметтерді автоматты түрде алмасу бойынша халықаралық интеграциялар бар. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша шамамен 6 млрд теңге көлемінде салық түсімі қамтамасыз етілді.

Процестерді автоматтандыруға, ашық әрі тиімді бақылау жүйесіне көшуге мүмкіндік беретін Keden ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда жүйеде 12 мың пайдаланушы тіркелген, 1,4 млн транзиттік, 460 мың кедендік және шамамен 1,1 млн жолаушылар декларациясы шығарылған. Keden жүйесінің іске қосылуы транзиттік декларацияларды рәсімдеу уақытын 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ іргелес бақылаушы қызметтермен өзара іс-қимылды автоматтандыруға мүмкіндік берді. Жалпы цифрландырылған дерекқор мен жүргізілген талдау нәтижесінде 2025 жылы бюджетке қосымша 115 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер түсті.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ауқымды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Қаржы министрлігіне нақты ұсыныстар енгізе отырып, қоғам мен сарапшылардың сындарлы ұсыныстарын сапалы қарауды қамтамасыз ету; Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне қабылданған реформалардың жергілікті жерлерде тиісті деңгейде жүзеге асырылуын, сондай-ақ бизнес пен халық арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету; Жасанды интеллект министрлігіне  Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін жоғары жылдамдықтағы байланыс арналары және серверлік қуаттармен қамтамасыз ету; Қаржы министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп Мемлекеттік кірістер комитетін қажетті есептеу қуаттарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау; Сауда, Қаржы және Жасанды интеллект министрліктеріне осы жылдың 1 шілдесіне дейін электрондық сауда алаңдары мен маркетплейстерде Ұлттық тауарлар каталогін қолдану аясын кеңейтіп, кейіннен тауарлардың бағасы туралы ақпарат алуды қамтамасыз ету тапсырылды.

The post Салық төлеу әділ әрі түсінікті болуы керек – Олжас Бектенов appeared first on QANDASTAR.KZ.

Әрбір министр мен әкімнен көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек – Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті, деп жазады qandastar.kz сайты UKIMET telegram-арнасына сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің айтуынша, Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмалары бойынша, әрбір министр мен әкімнің, әрбір сала мен өңірдің көзге көрінетіндей іс жүзіндегі нәтижелері қажет.

Кешегі өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы болып саналатын бастамаларын жария етті. Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар саяси жүйемен қатар, азаматтарымыздың мәдениетіне де демократиялық қағидаттарды біржолата орнықтыру процесі жүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұлар – қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына деген мызғымас ұстаным. Ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан» да негізгі құндылықтардың қатарында тұр, – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының алға қойған еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты негізгі міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігіне назар аударылды.

Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек, – деді Олжас Бектенов.

The post Әрбір министр мен әкімнен көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек – Олжас Бектенов appeared first on QANDASTAR.KZ.

Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының жобасын мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді, деп жазады qandastar.kz сайты Ukimet тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Кешенді жоспарда мал басын өсіруге, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған саланы мемлекеттік қолдаудың тәсілдері мен тетіктері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 39%-ын құрайды. Ірі қара мал басының 2,4%-ға және ұсақ мал басының 1,6%-ға шамалы өсуі байқалады. Сүт өндірісі 5% өсіммен шамамен 3,8 млн тоннаны құрады, ет өндіру көлемі 1,2 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 2,6%-ға жоғары.

Алайда, жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімі 2-3% деңгейінде сақталуы саланың әлеуетін толық ашпай отыр. Кешенді жоспарды жүзеге асыру ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа және ұсақ мал санын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, ет өндірісінің 1,2 млн-нан 1,8 млн тоннаға дейін өсуі және оның экспортының 82 мыңнан 165 мың тоннаға дейін екі есе ұлғаюы күтілуде.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бірқатар бағыт бойынша саланы қаржылық қолдау шараларының кешені ұсынылатынын баяндады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6% жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруға жылдық қажеттілік 300 млрд теңгені құрайды. Бұл шараны жүзеге асыру табынның жаңаруын жеделдетуге және мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін биыл қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге болатын жылдық мөлшерлемесі 6%-бен бірыңғай жеңілдікті несие беру көзделген.

Қосымша 50 млрд теңге көлемінде мал азығын дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдікпен қаржыландыру қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, мал шаруашылығының бағыттары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін жалпы сомасы 225 млрд теңгені құрайтын, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруды қолжетімді ете түсу үшін «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін қолдану көзделген.

The post Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының жобасын мақұлдады appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме!»: Бектенов басшыларға ескерту жасады (ВИДЕО)
Премьер-министр Олжас Бектенов президент сұхбатында айтылған мәселелерді бос әңгімесіз орындауды тапсырды, деп жазады qandastar.kz сайты Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы отырысында премьер президенттің кешегі сұхбатында айтылған мәселелерге баса назар аударды. Одан кейін министрлерге нақты тапсырма берді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар бар күш-жігерін салып, нақты нәтиже көрсетуі керек.

Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз, — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта үкіметтің алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді.

The post «Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме!»: Бектенов басшыларға ескерту жасады (ВИДЕО) appeared first on QANDASTAR.KZ.