тендер Archives - QANDASTAR.KZ

Бес қызметкері бар компания «Самұрық-Қазынаның» миллиардтаған тендерін ұтып алған
Журналист Гүлбану Әбенова «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу алаңдарында штатында небәрі бес адам бар компанияның миллиардтаған тендерлерді жеңіп алғанына қатысты күмәнді деректерді жариялады. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qandastar.kz порталы.

Журналистің мәліметінше, Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, ТОО «Сит-Строй» компаниясында беске дейін ғана қызметкер бар. Соған қарамастан, бұл компания 2023–2025 жылдары «Самұрық-Қазына» алаңдарында шамамен 70 тендерді жеңіп алып, жалпы сомасы 21 млрд теңгеден асатын келісімшарттарға ие болған.

Әбенованың жазуынша, аталған жұмыстардың едәуір бөлігі субподрядқа берілген. Заңнама бойынша бұл рұқсат етілгенімен, оның көлемі 25 пайыздан аспауы және тапсырыс берушіге міндетті түрде хабарлануы тиіс.

Алайда ТОО «RBM Sweco Productions» басшылығының айтуынша, №809149, №839069 және №832608 тендерлері бойынша «Сит-Строй» жобалық жұмыстардың шамамен 100 пайызын субподрядқа берген, бірақ бұл туралы тапсырыс беруші «Karabatan Utility Solutions» компаниясына хабарламаған.

Жоба жұмыстары орындалғанымен, RBM Sweco Productions оларды тапсырып, төлем ала алмаған. Себебі «Сит-Строй» үш келісімшартты біржақты бұзып, мерзімнің кешіктірілуін алға тартып, сотқа жүгінген.

RBM Sweco Productions өкілдерінің мәлімдеуінше, бір жарым жылға жуық кешігу тапсырыс беруші тарапынан жобалау тапсырмасының үнемі өзгеруіне байланысты болған, ал негізгі келісімшарттар бойынша «Сит-Стройға» айыппұл салынбаған және шарттар әлі де күшінде.

Соған қарамастан, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Сит-Стройдың» талабын қанағаттандырып, RBM Sweco Productions компаниясынан 205,85 млн теңге айыппұл, өсімпұл және сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарған. Ал қарсы талап – орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу туралы талап қанағаттандырылмаған.

Нәтижесінде парадоксты жағдай қалыптасқан:

«Сит-Строй» жалпы құны 2,55 млрд және 4 млрд теңге болатын EPS-келісімшарттар, сондай-ақ 242 млн теңгелік ТЭО әзірлеу шарты бойынша төлем алуға үміткер және «сенімді жеткізуші» мәртебесін сақтап отыр;

Ал жобалық жұмыстарды нақты орындаған RBM Sweco Productions төлемсіз қалып, үстіне 205,85 млн теңге төлеуге міндеттелген.

Гүлбану Әбенованың жазуынша, сот барысында екі тарап қол қойған орындалған жұмыстар актілері дәлел ретінде қабылданбаған, ал орындалған жұмыс көлемін анықтау үшін сот сараптамасын тағайындау туралы өтініш қанағаттандырылмаған. Нәтижесінде соттың ұстанымы толықтай «Сит-Строй» компаниясының позициясымен сәйкес келген.

RBM Sweco Productions басшылығы бұл шешімге апелляциялық шағым түсіргенін, істердің Атырау облыстық сотында 11 ақпанда қаралатынын хабарлады.

The post Бес қызметкері бар компания «Самұрық-Қазынаның» миллиардтаған тендерін ұтып алған appeared first on QANDASTAR.KZ.

«Бюджетке жатып алған»: Түркістанда мемлекеттік рәміздерді дұрыс ілуге тендер жарияланған
Түркістан облысында мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібіне қатысты тендерге 5 219 827 теңге бөлінгені қоғамда сын туғызды. Бұл туралы блогер Сәбит Рысбаев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады Qandastar.kz порталы.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттен дотация алып отырған өңірдің мұндай шығындарға баруы түсініксіз.

«Түркістан облысы республикалық бюджетке жатып алған өңірлердің бірі ғой. Бірақ беталды ақша шаша береді. Мынадай лот ойнатып, оған 5 219 827 теңге бөле салғаны ше? Мемлекеттік рәміздерді қалай ілу туралы да тендер ойната ма? Онсыз да заңда жазылып тұрған жоқ па ол?» – деп жазды блогер.

Сәбит Рысбаевтың пікірінше, мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі заңмен нақты бекітілген, сондықтан бұл бағытта қосымша қызмет сатып алудың қажеттілігі күмән тудырады.

Аталған тендерге қатысты әзірге облыс әкімдігі немесе жауапты мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

The post «Бюджетке жатып алған»: Түркістанда мемлекеттік рәміздерді дұрыс ілуге тендер жарияланған appeared first on QANDASTAR.KZ.

Жалпы сома – 205 млн теңге: Жамбылдағы тендер дауына нүкте қойылды
Жамбыл облысында 205 млн теңге дауға салынған конкурс заңсыз деп танылып, мемлекеттік сатып алу шарты жойылды, деп жазады qandastar.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Екі мекеме Алматы қаласының қажеттіліктері үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған торлы контейнерлерді дайындау және оларды орнату үшін тендер өткізген. Ол мемлекеттік сатып алу конкурсына 19 жеткізуші қатысқан. Олардың арасында «D» ЖШС мен «М» ЖШС бар.

Конкурс нәтижесі бойынша «М» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Конкурсқа қатысушылар бұған келіспей, шағым түсірген. Алайда комиссия конкурс нәтижесін қайта қарап, қайтадан «М» ЖШС-ны жеңімпаз деп таныған. Бұған «D» ЖШС келіспей, сотқа шағым түсірген.

Сот мекемелер ұйымдастырған ашық конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғанын анықтады. Істі қарау барысында сот конкурс жеңімпазы «металл бұйымдары және конструкциялар жөніндегі инженер-технолог» еңбек ресурсының болуы бөлігінде конкурстық құжаттаманың міндетті біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деген қорытындыға келді.

Ұсынылған құжаттар тиісті білімнің болуын растамады, ал курстардан өткені туралы сертификатты білім беру қызметіне лицензиясы жоқ ұйым берген. Сот талап қоюшының құжаттарында да осындай бұзушылықтарды анықтады.

Белгіленген мән-жайлар негізінде сот конкурс қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп танып, күшін жойды және 205 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шартын жарамсыз деп таныды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

The post Жалпы сома – 205 млн теңге: Жамбылдағы тендер дауына нүкте қойылды appeared first on QANDASTAR.KZ.

7 минуттық роликке – 100 млн теңге: облыс әкімі Көшеров тексеріс бастауды тапсырды
Түркістан облысында құны 100,8 млн теңге болатын 7 минуттық бейнероликке жасалған келісімшарт қоғамда резонанс тудырып, аймақ басшылығы ресми тексеріс бастады. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, деп жазады qandastar.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі» орталығы 100 млн теңгеге тікелей шарт жасасу арқылы «G7 Exlusive» ЖШС-не 3-7 минуттық тарихи бейнероликке тапсырыс берген.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Қөшеров аталған келісімшартқа қатысты барлық процесті – конкурстың өткізілу тәртібін, рәсімдердің заңға сәйкестігін және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын толық зерттеуді тапсырды.

«Әкім Нұралхан Қөшеров көрсетілген келісімшартқа байланысты барлық жағдайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталуы мен бюджет қаражатының тиімділігі де назарға алынады», – делінген хабарламада.

Дау туғызған бейнероликке қатысты Түркістан облысы мәдениет басқармасы ресми түсініктеме жариялады. Ведомствоның мәліметінше, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы аталған жобаны сатып алуды ашық конкурс тәсілімен ұйымдастырып, 2025 жылғы 25 маусым мен 2 шілде аралығында өтінім қабылдаған. Нәтижесінде конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті қатысушы жіберілмеуіне байланысты 8 шілде күні өтпеген деп танылған. «Ақпараттық жүйелерді контентті толтыру және модераторлау қызметтерін» екінші рет ашық конкурс тәсілімен 2025 жылғы 21-28 тамыз аралығында өтінімдерді қабылдай отырып өткізіліп, 29 қыркүйекте конкурсқа қатысуға бір әлеуетті қатысушы жіберілуіне байланысты өтпеді деп есептелді.

Аталған жобаны үшінші рет ашық конкурс тәсілімен сатып алу үшін 2025 жылғы 8-14 қазан аралығында өтінімдер қабылданған. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа қатысуға бір әлеуетті қатысушы жіберілуіне байланысты 17 қазанда өтпеген деп танылды.

«Осыған орай, 3 рет ашық конкурсқа жіберіліп өтпегенін ескере отырып және бөлінген қаржыны тиімді әрі уақытылы игеру мақсатында аталған жобаны ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен 2025 жылғы 28 қарашада қосымша құн салығын қоса алғанда 100 800 000 теңгеге келісімшарт жасалынды. Тапсырыс беруші – Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі орталығы». Орындалу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін», – делінген облыстық мәдениет басқармасы ұсынған ақпаратта.

The post 7 минуттық роликке – 100 млн теңге: облыс әкімі Көшеров тексеріс бастауды тапсырды appeared first on QANDASTAR.KZ.

Министрлік компьютерлік ойын жасауға 240 миллион теңге жұмсаған
Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік сатып алу порталында балаларға арналған, мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған компьютерлік ойын әзірлеу туралы хабарлама жариялады. Бастапқыда ойынға бөлінген қаражат 241 838 392 теңге болса, келісімшарт жасалған соң ол 239 888 303 теңгеге азайған, деп бөлісті qandastar.kz

Техникалық тапсырмаға сәйкес, жобаның мақсаты – қазақ тіліндегі балалар контентін ойын формасында жасау, қазақ тілін қолданатын аудиторияны кеңейту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру. Ойын 6-25 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған және 2025 жылдың желтоқсанына дейін іске қосылуы тиіс.

Ойын жанры – білім беретін RPG және қадамдық стратегия. Ол үш деңгейден тұрады, әрқайсысының ұзақтығы 4 сағат. Негізгі міндет – А1–А2 деңгейінде қазақ тілін үйрету, ойын барысында тарих, этнография, дәстүрлер мен фольклормен таныстыру. Білім беру элементіне грамматикалық жаттығулар, мини-ойындар, тесттер, квесттер мен жарыстық тапсырмалар енгізілген.

Сюжет бойынша ойыншы өз тұлпарын «бәйге» жарыстарына дайындайды. Атты тамақтандыру, су ішкізу, күтіп баптау және жаттықтыру сияқты әрекеттер әрдайым қазақ тіліндегі сұрақтармен байланыстырылған. Дұрыс жауаптар тұлпардың қасиеттерін  арттырса, қателіктер қозғалысты тежейді. Жарысты жеңу үшін ойыншы тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, қазақ тіліндегі лексика мен грамматиканы меңгеруі тиіс.

Жобаны 8 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Даму процесі аяқталған соң мердігер ойынның презентациясын өткізеді, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарнама жүргізеді, сондай-ақ ата-аналар мен оқу орындары үшін ақпараттық материалдар дайындайды. Ойын танымал платформаларда тегін қолжетімді болады.

Айта кету керек, бұл – Қазақстанда мемлекеттік органның тікелей видеойын әзірлеуге тапсырыс берген алғашқы жағдайы.

The post Министрлік компьютерлік ойын жасауға 240 миллион теңге жұмсаған appeared first on QANDASTAR.KZ.

Батыс Қазақстан облысында құрылыс тендерлерін Ресейлік компания ұтып келген
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алулар шектелген компаниялар тобының айналасында шоғырланып бара жатқаны қоғамда сұрақ туғызуда, деп жазады qandastar.kz. Arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөздегі хаттамаларды талдау көрсеткендей, Нұркен Молдашев басқаратын БҚО құрылыс басқармасы ондаған миллиард теңгені бір топ мердігерлер арасында үлестіріп отыр. Әсіресе аурухана мен мектеп секілді негізгі нысандар жиі жағдайда шетелдік бенефициарлары бар компанияларға берілетіні байқалады.

Мәселе БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің тұсында өткен ірі тендерлер туралы болып отыр. Мәселен, биыл тек бір ғана лот — Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық ауруханасына жапсарлас стационардың құрылысы — бюджетке 3,9 млрд теңгеге түскен. №80435243-КРБС1 лотының жеңімпазы 3 906 305 435 теңге көлеміндегі жоспарлы сомамен «АЛЬТАИР» ЖШС болды. Хаттамаға сәйкес, компания Ресей азаматы Александр Андреевич Потиченкоға тиесілі және ол тікелей бақылауы бар бенефициар ретінде танылған.

Талдаудың жалғасы білім беру инфрақұрылымын салу жөніндегі тендерлер де тар шеңбердегі компаниялар арасында бөлінетінін көрсетеді. Бәйтерек ауданының Үлкен Шаған ауылында 420 орындық мектеп құрылысы 2,26 млрд теңгеге бағаланған. №80056331-КРБС1 лотының жеңімпазы — «Болашақ – Т» ЖШС, ал «АЛЬТАИР» екінші орын алған. Конкурсқа жеті компания қатысқанына қарамастан, соңында қайтадан сол таныс атаулар көрінеді.

Тағы бір ауқымды жоба — Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылында 900 орындық мектеп құрылысы. Жоспарлы сома — 4,09 млрд теңгеден асады. №80053952-КРБС1 лотының жеңімпазы тағы да «АЛЬТАИР» ЖШС, ал екінші орын атауы ұқсас «Альтаир-СК 7» ЖШС-ге бұйырған. Дәл осындай жағдай Бәйтерек ауданындағы Володарское ауылында 308 орындық мектеп құрылысында да қайталанады: шамамен 2,23 млрд теңгелік жобаны «АЛЬТАИР» жеңіп алады, екінші орын — «СКФ Отделстрой» ЖШС-ге берілген.

Ерекше назар аударатын тағы бір тендер — БҚО-дағы Казталов аудандық ауруханасын реконструкциялау. Бұл — құны 5,9 млрд теңгені құрайтын ең қымбат жобалардың бірі. Мұнда жеңімпаз «MIR-A Construction» ЖШС болып танылғанымен, «АЛЬТАИР» тағы да финалға шыққан, яғни үнемі негізгі бәсекелестер қатарында.

Жалпы алғанда, мәселе бірдей компаниялар арқылы өтетін бюджеттегі көптеген миллиард теңге туралы болып отыр.

Мемлекеттік сатып алулар формалды түрде бәсекелі өтеді дегенімен, мұндай шоғырлану қоғамның қызығушылығын туғызатыны заңды. Құжаттарда талаптардың — тәжірибе, салық төлемдері, лицензиялар мен орналасқан жері ескерілгені жазылғанымен, өңір тұрғындары үшін басты сұрақ сол күйі ашық: БҚО-дағы мектептер мен ауруханалар сияқты ең маңызды құрылыс нысандары неге үнемі бір топ компанияға беріліп келеді, оның ішінде бенефициары шетел азаматы болып табылатындары да бар?

Бұл автоматты түрде заңбұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық фактілерін мойындау дегенді білдірмейді, бірақ бірдей компаниялардың жиі жеңіп шығуы, жобалардың көлемі мен сандары қоғам мен медиа бақылаудың маңызды екенін көрсетеді. Әсіресе бұл әлеуметтік маңызы бар нысандарға қатысты, олар бюджет қаражатынан қаржыландырылады және өңір тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді.

The post Батыс Қазақстан облысында құрылыс тендерлерін Ресейлік компания ұтып келген appeared first on QANDASTAR.KZ.

Белгілі сарапшы тендер дауын көтеріп, Президентке үндеу жасады
Мемлекеттік сатып алу саласының сарапшысы Бибек Жүнісов Қазақстан Президентіне кезекті рет үндеу жасады, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол өзінің мәлімдемесінде Omarket атты жекеменшік сайт әрбір мемлекеттік тендерден 5 пайыз комиссия ұстайтынын айтты.

Сарапшының сөзінше, аталған компанияның құрылтайшыларының арасында Ресей азаматтары бар. Оның айтуынша, бұл тұлғаларды ҚР Қаржы министрі қорғап отыр.

«Нәтижесінде халықтың миллиардтаған теңгесі шетелге кетіп жатыр», – дейді Жүнісов.

Бұл мәселе ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Арқабайұлының назарына ұсынылды.

The post Белгілі сарапшы тендер дауын көтеріп, Президентке үндеу жасады appeared first on QANDASTAR.KZ.

Депутат Әбутәліп Мүтәлі түнгі тендерлерді өткізуге қарсы шықты
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі өзінің иелігіндегі BESupply компаниясы Жамбыл облысында 287 миллион теңгелік мемлекеттік тендерді ұтқанын растады, деп хабарлайды qandastar.kz. Бұл тендердің түн ортасында өткізілгені қоғам назарын аударды.

Депутаттың айтуынша, тендердің уақытын орындаушы емес, тапсырыс беруші орган белгілейді. Сондықтан ол компаниялардың түнгі уақытта өтетін байқауларға қатысуы жүйедегі техникалық немесе ұйымдастырушылық себептерге байланысты екенін айтты.

«Мұндай тендерлер кәсіпкерлер үшін қолайсыздық тудырады. Көпшілігі сатып алу бөлімдерін түнде де жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сол себепті, түнде өтетін тендерлерді тоқтату керек деп санаймын», — деді ол.

Әбутәліп Мүтәлі Мәжіліске келген соң өз бизнесін заңға сәйкес сенімгерлік басқаруға тапсыратынын айтты. Ол мүдделер қақтығысы болмайды, керісінше, нарықтағы тәжірибесін цифрлық саясат пен экономикалық реформаларды дамытуға пайдаланатынын жеткізді.

«Мемлекет цифрлық кодексті қабылдап, жасанды интеллектті әр салаға енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бағытта мен де өз үлесімді қосамын», — деді депутат.

Жамбыл облысының білім басқармасы ұйымдастырған тендер «Мекеме» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметіне қатысты болған. Өтінім қабылдау 16 қыркүйекке қараған түні сағат 00:06-дан таңғы 9:06-ға дейін ғана жүргізілген.

Ресми мәлімет бойынша, уақыттың осылай қойылуына камералдық бақылаудың кеш бекітілуі себеп болған. Әкімдік байқау барысында заңбұзушылық немесе сөз байласу белгілері анықталмағанын хабарлады.

Әбутәліп Мүтәлі 15 қазанда Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына енді. Бұған дейін ол цифрландыру саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

The post Депутат Әбутәліп Мүтәлі түнгі тендерлерді өткізуге қарсы шықты appeared first on QANDASTAR.KZ.

Ақтөбелік депутаттың туыстарына тендер алуға көмектесетінін ашық мойындаған видеосы тарады
Фото: Instagram.com (@farzaliyev.vidadi)

Ақтөбе мәслихатының депутаты Видади Фарзалиевтің сөзі қоғамда резонанс тудырды. «Байтақ» партиясының өкілімен әңгіме барысында ол туыстарына мемлекеттік тендерлерді жеңіп алуға көмектесетінін ашық мойындаған, деп жазлы qandastar.kz

Дегенмен атышулы мәлімдемеден кейін де депутатқа қатысты ешқандай шара қолданылмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгіме жазылған бейнежазбаны «Байтақ» партиясының Ақтөбедегі филиалы Instagram парақшасында жариялаған. Онда AMANAT партиясының мүшесі әрі қазіргі мәслихат депутаты Фарзалиев туыстарына қамқорлық жасап, мемлекеттік тапсырыстарға қатысуына ықпал еткенін өз аузымен растайды.

Алайда 11 тамызда қалалық мәслихаттың Депутаттық этика жөніндегі комиссиясы істі жауып, ешқандай тәртіптік шара қолданбау туралы шешім қабылдады.

AMANAT партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметі жағдайға асығыс баға бермеуге шақырып, тек құзырлы органдар ғана ресми қорытынды шығара алатынын мәлімдеді.

«Егер депутаттың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны дәлелденсе, Видади Фарзалиевті партиялық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Жалпы, AMANAT партия Жарғысы мен мүшелерінің мінез-құлық ережелерінің сақталуын қатаң қадағалайды», — делінген партия хабарламасында.

Дегенмен, желі қолданушылары депутаттың өзі жемқорлық схемаларын мойындап отырса да, жергілікті құқық қорғау органдары үнсіз қалып отырғанына ашулы.

“Депутатты мандатынан айырып, туыстарынан тендерді тартып алу керек”, “Міне, депутаттардың бәрі осылай ақша табады: өз фирмаларын әр жерге «тығып», тендерді алады”, “неткен бассыздық”, “бұл жағдайға көз жұмуға болмайды”, – деп жазды олар.

The post Ақтөбелік депутаттың туыстарына тендер алуға көмектесетінін ашық мойындаған видеосы тарады appeared first on QANDASTAR.KZ.

Ақтөбеде тендердің бір бөлігін алған әкімдік қызметкерлері 6 жылға сотталды
Фото: Stan.kz

Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев сот залынан қамауға алынды, деп жазды

Олар енді мемлекеттік қызметке келе алмайды. Сотталушылар қаржыны кедергісіз аудару, қамқорлық жасау үшін келісімшарт сомасының 1%-ын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шалқар аудандық соты “Пара алу” бабымен айыпталған қос шенеунікті абақтыға қамау туралы үкім шығарды. Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1,2 тармағымен (Пара алу) айыпталса, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1,2,4 тармағы (Пара алу) бойынша кінәлі.

Қос шенеунік адамдар тобының сөз байласуымен мердігерді қорқытып, пара алғаны дәлелденді. Сот Алтынбай Беркімбаевтан 1,5 миллион теңге мемлекет пайдасына тәркілеуді міндеттеді. Ал Бектұрған Зайрымбеттен 1 миллион теңге мемлекет пайдасына тәркіленуге тиіс.

Сонымен қатар қос шенеунік енді мемлекеттік қызметте, судья қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, қаржы ұйымдарында уәкілетті органдарда, квазимемлекеттік сектор субьектерінде лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығанан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Іс материалдарына сенсек, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаевпен 2024 жылы  «Лидер-НС Строй» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарты жасалған. Қосалқы мердігер – «Еуропа НС» ЖШС.  Келісімшарт құны – 223 796 648 теңге. Беркімбаев пайдакүнемдік пиғылмен құзыретті жеке мақсатқа пайдаланып, орындалған жұмыстың сапасын тексермей қабылдау үшін кезінде кедергісіз өткізу үшін 200 мың теңге ақша алған.

Келесі мердігерді аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы бірігіп қорқытып, 2,3 миллион теңге алған.

Онда «Ел даму ырыс» ЖШС-і арасында кәріз құбырын тарту үшін келісімшарт жасалады. Құны – 228 224 506 теңге.

Сотталушылар қаржыны кедергісіз аудару, қамқорлық жасау үшін келісімшарт сомасының 1 пайызын алды. Яғни, 2 миллион 300 мың теңге ақшасын пара ретінде беруді талап еткен. “Пара алу” бабымен айыпталған мемлекеттік қызметкерлер жазасын темір торда өтейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары коммуналдық қызметте жұмыс істеген бухгалтерді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Олардың айтуынша, әйел қоммуналдық қызмет қаражатынан 58 миллион теңгені жымқырып, жеке қажетіне жұмсаған. Соның салдарынан бір тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеу жұмыстарынан қағылып, тұрмыстық қиындықтарға тап болды: төрт қабатты үйлерде жиі жарық өшіп, жертөлені су басып, шатырдан су аққан. Аталған мәселелерді шешуге арналған қаржы бөтен біреудің шотында жатыр.

The post Ақтөбеде тендердің бір бөлігін алған әкімдік қызметкерлері 6 жылға сотталды appeared first on QANDASTAR.KZ.