Жаркент қаласы Archives - QANDASTAR.KZ

«Әйелімнің психикалық ауытқуы бар»: Жаркентте таяқ жеген баланың әкесі шындықты айтты
Жетісу облысы Жаркент қаласында 5 жасар баласын аясыз соққыға шыққан әйелдің күйеуі оқиға туралы айтып берді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде 5 жасар баланы жылу батареясына байлап қойып, аяусыз соққыға жыққан ананың видеосы тараған еді. Балалардың әкесінің айтуынша, видеоны отбасымен бірге тұратын танысы түсірген. Анасы үлкен ұлы кіші дәретке жіберіп қойғандықтан бетінен тепкіліп, баланы аяусыз жазалаған көрінеді.

“Үйде сыныптас қыз бар, видеоға сол түсірген. Мен дүкеннен келгеннен кейін маған оңашада видеоны көрсетті. Мен видеоны көрдім, бірақ әйелімнен не үшін ұрдың деп сұраған жоқпын. Сосын мен видеоны жан-жаққа жібере бастадым”, – дейді балалардың әкесі Таир Курваншанов.

Таир Курваншанов пен әйелі Марияның ортақ екі баласы бар. Әйелдің психологиялық диагнозы бар екен. Ер адамның айтуынша, мұндай жағдай бұған дейін бірнеше рет қайталанған.

“Жақында бастады. Екі-үш ай болды. Бұған дейін барлығы жақсы болған, балаларды ұрмайтын. Анда-санда беттерінен шапалақ ұрып қояды. Балағаттап жібереді. Кейде сұраймын, балалардың қолына не болған деп, балалар бір-бірімен төбелесті дейді. Сосын біреуінің беті көгерді, тағы не болды деп сұрадым, тағы бір-бірімен соғысып қалды дейді. Мән бермейтінмін, жұмыстамын ғой. Бірақ, екі баланың бір-бірінің бетін көгертуі мүмкін емес қой. Психологиялық, үшінші топтағы мүгедіктегі бар”, – дейді балалардың әкесі.

Ер адам келіншегінің соңғы екі айда күрт өзгеріп, көзіне шөп салған соң, 15 күн бұрын ажырасуға өтініш тастағанын айтады.

“Заңды некедеміз. 10-15 күн бұрын ажырасуға өтініш тастадым. Ана құқығынан айырылсын, екі бала менде қалсын, мен әкесімін ғой”, – дейді ер адам.

Видео желіге тараған соң, полиция тексеріс жүргізіп 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтаған. Осылайша қылмыстық іс қозғалып, әйел бөлімшеге жеткізілген.

Баласына қатігездік танытқан әйел – 28, күйеуі – 30 жаста. Екеуі де Жаркенттегі №4 арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленген. Әйел ата-анасынан жетім, ал күйеуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған.

«Ерлі-зайыптыда жеңіл ақыл-ой кемістігі, жеңіл зерде бұзылысы диагнозы болған. Психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрады. Бұл отбасыны полиция қызметкері 18 қаңтар күні түнгі сағат 23:30 шамасында Отбасын қолдау орталығына жеткізді. Балалар медициналық тексеруден өткізілді. Анасы полиция бөлімшесінде қалды», – дейді қалалық әкімдіктегілер.

Балалардың бірі – 4, екіншісі – 2 жаста. Олар Жаркенттегі отбасыны қолдау орталығына орналастырылды.

The post «Әйелімнің психикалық ауытқуы бар»: Жаркентте таяқ жеген баланың әкесі шындықты айтты appeared first on QANDASTAR.KZ.