Жаңалықтар

Тағы бір қаржы пирамидасы кооператив ретінде жасырын жұмыс істеген

Фото: Еркебұлан Дуйсеболатов

Тағы бір қаржы пирамидасы кооператив ретінде жасырын жұмыс істеген, деп жазды qandastar.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген. Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген.

«Buyers Union» салымшылары ай сайын 30 мың теңге және сатып алынатын мүлік құнынан 10%-дық жарна төлеген.

Кооператив ақша алғаны туралы ешқандай құжат ұсынбаған. Салым сомасы пайдаланушылардың жеке кабинетінде ғана көрсетілген.

250-ден астам салымшы 300 млн теңгеден астам қаражат салған.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,   пирамида ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close