Жаңалықтар
Тағы бір өлім: Қаскөй 30 баланың көзінше 15 жастағы баланы аяусыз өлтірген
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірім баланың 30 баланың көзінше өлтірілгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Қызылорда облысының Кеңес ауылында «үлкен сыныптың баласы» 30 жасөспірімді жинап, барлығының көзінше 15 жастағы баланы өлтірген. Жергілікті тұрғындар ауылда жастар арасында қылмыстық тәртіп орнағанын айтады. Бәрі не болып жатқанын білген, бірақ үндемеген», – делінген хабарламада.
Полиция бұл ақпаратты растады және қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеу жүргізілгенін атап өтті.