ЖаңалықтарШоу бизнес

Тағы бір ресейлік әншінің концерті Қазақстанда өтпейтін болды

Ресейлік әнші Наталья Чистякова-Ионова, сахналық есімімен Глюкоза, Қазақстанда өтетін концерттерінің болмайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz сайты.

Әншінің айтуынша, 7 ақпанда Алматыда және 8 ақпанда Астанада жоспарланған концерттер ұйымдастырушы тараптың командасымен және букинг-агентімен байланысқа шықпауына байланысты өтпейді.

Глюкоза жанкүйерлеріне билеттерді сатып алған орындарына жүгініп, қайтарып алуына кеңес берді. Сондай-ақ ол жақын уақытта Қазақстандағы тыңдармандарымен қайта қауышуға үміт білдірді.

«Біз жағдайды шешіп, сіздерге бару үшін барымызды салдық, алайда кейбір мән-жайлар бізден күштірек болды. Жақын арада байланыс қайта қалпына келеді деп сенемін», — деді әнші.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button