Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тағы да әскерде өлім: Өскеменде сарбаз өзін-өзі атып өлтірді

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Қазақстан Әскери күштерінің Құрлық әскерлеріне сілтеме жасап.

«23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды», — делінген мәлімдемеде.

Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында», — дейді ведомство.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс жүргізуде.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button