Әлем жаңалықтары
Таиланд 60 күндік визасыз режим енгізді
Фото: ашық дереккөз
Енді қазақстандықтар Тайланд елінде визасыз 30 күн емес, 60 күн демала алады. Бұл туралы Тайланд премьер-министрі Сеттха Тхависин өзінің Х парақшасында жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Үкім кеше күшіне енді. Шара тек 93 елдің азаматтарына қатысты. Бұған дейін, құжатсыз жүру тек 30 күн болатын. Мақсат туристерді көбейтіп, инвестицияны арттыру, дейді жергілікті билік.
Виза муай-таймен айналысуға, медициналық процедуралардан өтуге және мәдени іс-шараларға қатысуға қолданылады. Бұдан бөлек, ұзақ мерзімді Destination Thailand визасы 5 жылға шығарылмақ. Бірақ, елде 360 күннен артық тұрақтап қалуға болмайды. Елде 1 жыл визасыз жүру үшін 260 мың теңге төлеу керек.