Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Таиландтағы мектепте болған атыс: екі адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды

Таиландтың Нонтхабури провинциясындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан екі мұғалім қаза тауып, кемінде 20 адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қарулы шабуылды мектеп оқушысы жасаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін, 7 тамызда Таиландтың Нонтхабури провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, кемінде 20 адам жарақат алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жергілікті Khaosod басылымының мәліметінше, оқиға Үлкен Бангкок агломерациясының құрамына кіретін Нонтхабури провинциясында орналасқан Тхепсирин орта мектебінде болған.

Thai PBS телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандар – екі мұғалім. Сонымен қатар зардап шеккендердің арасында ауыр жағдайда жатқан адам бар.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, атысты мектеп оқушысы ұйымдастырған болуы мүмкін. Күдікті ретінде ұсталған оқушы кейін көз жұмғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button