ЖаңалықтарШоу бизнес

Тайландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер аман-есен табылды

«Кисло-Сладкий» лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дархан Жұмабек Тайландтан аман-есен табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұған дейін өнерпаздың бірнеше күннен бері байланысқа шықпай кеткені хабарланған еді.

Оның достары Тайландтың иммиграциялық полициясына жүгініп, музыкантты іздеуге көмек сұраған.

Іздеу жұмыстарына қолдау көрсеткен режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде жақсы жаңалықпен бөлісті.

Ол рэпердің табылғанын айтып, ақпарат таратуға және іздеуге атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.

SHOT агенттігінің мәліметінше, Дархан Жұмабек Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ және ауыр жарақат алмаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button