2010 жылы әлемге танымал боксшы Майк Тайсонды Астанаға Astana Action Film Festival фестиваліне шақырған. Шараның алғашқы күнінде Тайсон мен оның отбасы кешкі асқа шығып, сол жерде оларға қымыз ұсынылған. Бұл деректі Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Боксшыға қымыз «ерлер үшін пайдалы» деп айтылғаннан кейін ол ескертулерді елемей, бір литрге жуық ішіп қойған.
Кешкі ас соңында олар Бурабайға жолға шығады. Алайда Тайсонның асқазаны мазалап, ол дәретханаға баруды өтінеді.
– Мен оған шыдауын сұрадым, бірақ ішімнен ойландым. Екі сағат қана қалды, айнала дала, дәретханалар жоқ және біз тығыз полицейлік кортежде қозғалып келе жатырмыз. 15 минуттан кейін ол қайта қоңырау шалып, шыдай алмайтынын айтты. Бақытымызға орай алда ауылдық ескі дәретхананы көрдік. Кортежді тоқтаттық, Тайсон сол дәретханаға барды, — деп жазды продюсер Майра Қарсақбаева.
Сол күннен кейін сапар қатысушылары әзілдеп, дәретхананың есігіне «Мұнда Майк Тайсон болған» деп жазуға болатынын айтқан.



