Қаржы және төлемдер

Такси жүргізушілеріне қатысты ережелер өзгереді

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-дегі брифингте 2025 жылдан бастап жолаушы тасымалы саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, – деп жазады qandastar.kz

Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, Көлік министрлігімен бірлесіп, тасымалдау қызметін ұсынатын компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.

– Меморандум аясында жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейеді. Оған еңбек пен демалыс режимін сақтау, медициналық тексеруден өту, жолаушы және жүк тасымалы ережелерін сақтау жатады. Интернет-агрегаторлар өз қосымшаларын осы талаптарға сәйкестендіріп жатыр, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап агрегаторлар тек жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жүргізушілерге тапсырыс бере алады, – деді ол.

Жеке тасымалдаушылар енді:

  • күнделікті рейс алдындағы және кейінгі медициналық тексеруден өтуге;
  • көлікті күнделікті техникалық тексеруден өткізуге;
  • сол жақтан басқарылатын техникалық тұрғыда жарамды көліктерді пайдалануға;
  • еңбек пен демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Егер бұл талаптар орындалмаса, интернет-агрегаторлар жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close