Жаңалықтар

«Таланттыларды өлтіріп жатырмыз»: Бапкер бокстағы бас төрешіге ақша жинау туралы айтты

Фото: instagram.com/mukhit_amantayev

12-13 жастағы спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол жерде бас төрешілік ететін адамды моншаға апарып күтуің керек. Ол біздің балалардың жеребесін жеңіл жасап беру керек, бас төрешіге ақша жинауың керек.

Әлеуметтік желіде танымал бапкер, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев қазақ боксшыларының кемшілігін жіпке тізді. Тіпті бапкерлердің жас спортшыларға жасайтын қиянатын жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жарысқа іріктеуден өту үшін жасөспірім спортшылардың өзі үлкен қиянатқа ұшырайды. Бұл туралы желідегі парақшасында айтты.

«Біздің боксшылар созылып, лағып жүреді. Мінез жоқ. Бірінші раундтан бастап өзіңнің жеңіске деген құштарлығыңды көрсету керек. Сонда соңында лоторея сияқты күтпей, мен үш раунд бойы бокс көрсеттім деп, сенімді тұрасың. Бұйырмады дейсіңдер, қашан болады сонда? Келесі олимпиадаға сендер барасыңдар ма, бармайсыңдар ма. Ол үлкен сұрақ. Өзбек боксшылары өте мықты. Дәл мен ойлағандай әрекет етіп жатыр. Жұлқынады, ұрады, мінез көрсетеді. Олар ең аз дегенде 3-4 алтын алады. Екі боксшысы да екі дүркін олимпиада чемпионы болса, сендер өзбектерге жуырда жете алмайсыңдар. Өзбектер озып кетті», – деді спортшы.

Бапкер тіпті Қазақстанның бокс саласының дамуына жемқорлықтың кері әсер етіп жатқанын алға тартты.

«Қазақ боксы туралы айтайын. 12-13 жастағы спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол жерде бас төрешілік ететін адамды моншаға апарып күтуің керек. Ол біздің балалардың жеребесін жеңіл жасап беру керек, бас төрешіге ақша жинауың керек. Осылай жалғаса береді. Ал, біз Қазақстанның болашағы басталатын жерде таланттыларды өлтіріп жатырмыз. Нағыз мықты жігіттердің жеңісін алып, көкесі бар, әкесі олигарх балаларға береді. Осындай әрекеттермен біз қазақ боксын өлтіріп жатырмыз», – деді бапкер.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close