Жаңалықтар

Талдықорғандағы даулы стриптиз: полиция барлық қатысушыларды ұстады

Жуырда әлеуметтік желілерде екі жұптың би алаңында билеп жүріп, біртіндеп шешініп жатқан видеосы тарап кеткен болатын, деп жазды qandastar.kz

Жетісу облысының тәртіп сақшылары бұл видеоның Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілгенін анықтады. Оқиғаға қатысқан барлық адамдар анықталып, ұсталды.

Видео жарияланғаннан кейін тәртіп сақшылары клубтың орналасқан жерін және «перформансқа» қатысқан тұлғаларды тапқан.

«Қоршаған ортаға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеттер бойынша мекеме иесі мен қатысушыларға қатысты материалдар жиналып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция өкілі.

Сот мекеменің иесіне және қатысушылардың біріне 7 тәулік әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады. Ал тағы бір қызға қатысты материалдар оның тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді.

Мекеме әкімшілігіне бұдан былай мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу туралы ресми нұсқама тапсырылды. Басшылыққа профилактикалық және ұйымдастырушылық шараларды күшейту қажеттігі көрсетіліп, құқықбұзушылықтардың қайталануына жол берген жағдайда жеке жауапкершілік жүк болатыны түсіндірілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button