Талдықорғанда әйел адамның мысықты әдейі кір жуатын машинаға салып, құрылғыны қосқан сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі Аbdulla_kz_kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, жануар оған уақытша қарауға берілген, алайда күтімнің орнына мысық қатыгездікке ұшыраған.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Threads әлеуметтік желісінде қолданушылар e-Otinish платформасы арқылы жаппай шағым жолдап жатыр.
Дереккөздердің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталу үстінде. Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.



