Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Оның айтуынша, отбасы баспананы қайырымды жандар мен жергілікті биліктің қолдауының арқасында алған.
«Әуелі Алланың, одан кейін Асқар мен Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің назар аударып, көптеген халықтың қолдау көрсетуінің арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын», – деп жазды адвокат.
Бұған дейін адвокат Қаржаубай Нұрымовтың отбасы қазан айында жаңа үйге көшетінін хабарлаған болатын.



