Жаңалықтар

Талғарда өртенген марқұм Шерзаттың үйіне Ішкі істер министрінің орынбасары келді

Фото: ашық днреккөз

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар маңындағы ауылда өртенген үйге келді, деп хабарлайды qandastar.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, түнде Шерзаттың үйі толығымен өртке оранған еді. Бұл жағдайға байланысты полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегімен іс қозғап, отбасына полиция күзетін қойып, Бас прокуратура да бұл мәселені жіті бақылауға алғанын хабарлаған.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close